Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет129/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Танымадық
дегеннің мәні: «танымай тұрмын, өз жөніңіз қалай 
еді?» «Кім едіңіз?» дегенге келіп саяды. Ал біреуге «Жол болсын!» дегенде 
алғыс айту, тілегін тілеу емес, «Неғып жүрген адамсың?» дегендей сұрау 
жатыр
»... (8, 71-72). Яғни ғалым коммуникация сәтті болуы үшін сөйленім 
әрекетінің субъектілері – сөйлеуші мен тыңдаушы, қабылдаушы атадан 
балаға беріліп отыратын кодтарды меңгеріп қана қоймай, дұрыс қолдана 
білуі қажеттігін ескертеді. Олай болмаған жағдайда диалог құралмайды.
Қ.Жұбановтың «
сөйлеудегі мақсат – біреудің екінші біреуге өз ойын 
білдіруі»; «сөйлеген адам өзі сөйлемейді, басқа біреуге сөйлейді
», – деген 
пікірлері тілдік категориялардың табиғатын анағұрлым толық ашып 
көрсетуде тілдік деректерді тек құрылымдық тұрғыдан ғана емес, 
функционалдық
және
коммуникативті-прагматикалық аспектілермен
өзара 
ұштастыра отырып қарастыру қажеттігін ғалымның әлдеқашан-ақ «тілдік 
түйсік» арқылы аңғартып кеткендігін айғақтайды. 
«Тіл мен ойлаудың бірлігі тарихи-әлеуметтік, психологиялық, мәдени, 
климаттық, қоғами, географиялық ортадағы адами қарым-қатынастың барлық 
түрлерінде көрініс береді», – дей келе Ж.Сұлтан, – «Қ.Жұбановтың тіл мен 


207 
ойлаудан туындайтын, әрекет пен мәдениеттің байланысына қатысты 
көзқарасы оның барлық еңбектерін қамтитын 
біртұтас контекст
тұрғысынан қарастыруды қажет етеді», – деген тұжырым жасайды (90). 
Профессор Қ.Жұбанов «
стиль
» термині, тіл (сөз) мәдениетіне нақты 
теориялық анықтама бермесе де, филологиялық зерттеулеріне үңілсек, жазу-
сызу мәнерін дағдыға (нормаға) сай қалыптастыру, тілдік дағдыны (норманы) 
басшылыққа алу, сөз мәдениетін дұрыс қалыптастыру мәселелеріне қатысты 
ойларын анық ұғуға болады (94). Бұл ойымызға ғалымның: «
Сөз бұйымын 
дұрыс жасап шығару үшін де оның жасалу жолын, материалының сыр-
сипатын
(яғни 
стильдік ерекшелігін
деген сөзі деп ұғамыз – С.Құлманов) 
білу керек. Білмесе, мұнда да темірді желімдеп, ағашты пісіргендегідей 
нәтиже шығады
», – деген пікірінен стильді дұрыс қалыптастыруға 
қойылатын талаптың нышанын байқаймыз. Алайда ғалым тілдік норманы 
«қатып қалған өзгеріске келмейтін нәрсе» ретінде қарастыруға болмайды 
деген ой айтады. 
«Қ.Жұбанов және стилистика мәселелері» атты мақаласында профессор 
М.Серғалиев ғалымның стиль жайлы пікірлерін, талдауларын зерделей келе: 
«... проф. Құдайберген Жұбанов стилист ретінде де сөздердің қолданысы мен 
тіл мәдениетіне қатысты елеулі жайларға арнайы назар аударып, бұл 
саладағы кем-кетіктердің болмауын қалайтын жанашырлық танытады», – деп 
тұжырымдайды (95, 24-29). 
Профессор Б.Момынова 
тіл мәдениетіне
қатысты Қ.Жұбанов 
еңбектерін екі тұрғыдан бағалайды: біріншіден, Қ.Жұбанов оқушысына 
ұғынықты, түсінікті болуы үшін өз ойын тіл мәдениетінің сол кезеңге сай 
талаптарын сақтай отырып жеткізген, әдеби тілдің ғылыми стилін меңгерген 
ғалым, екіншіден, оны меңгеріп қана қоймай, қазақ әдеби тілінің ғылыми 
стилінің дұрыс қалыптасуына ықпал еткен ғалым (96). 
Жұбановтанушы зерттеуші Ж.Сұлтан Құдайберген Жұбановтың 
мұраларын анрополингвистикалық тұрғыдан төмендегі сызба-жоспар 
бойынша талдап көрсеткен (90, 41): 

М
а
кр
окомпо
н
е
н
т 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет