Дәнекер тіні KAZMED Дәнекер тіні – жасушалар мен жасушааралық заттардан құралады.
Фибробласттар
Миофибробласт
Макрофагтар
Дәнекер тіндерінің қызметтері: - Қорғаныс
- Тіректік – көптеген мүшелердің құрамына кіреді
- Пластикалық – регенерациялық қабілеттілігі, ақаудың орнын толтыруы
- Морфогенетикалық – мүше қалыптастыру (паренхималы мүшелердің стромасын, ал қуысты түтікшелі мүшелердің қабырғасын қалыптастыру)
- Трофикалық – (қоректік) құрамында қан тамырларының болуына байланысты
Дәнекер тіндер
Меншікті дәнекер тіндері.
Қаңқа тіндері.
Талшықты
Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
Рейтикулярлы
Май тіндері
Кілегейлі тін
Тығыз
Борпылдақ
(мүшелердегі тінаралық қабатшалар, тамырлар мен жүйкенің айналасындағы қабаттар)
Шеміршек тіндері
Сүйек тіндері
Пішінделген
Пішінделмеген
Жасушалар мен жасушааралық заттарының құрылымдарына , ондағы талшықтардың реттеліп орналасуына және бұларды желімдеп, біріктіріп тұратын аморфты заттың физико-химиялық қасиетіне байланысты жіктеледі.
- Даму негізі мезенхималар болып табылады.
- Бұл, ортаңғы ұрықтық жапырақшасының босаңсыған бөлігі болып табылатын, эмбриондық бастамалардың бірі.
- Мезенхиманың жасушалық элементтері дерматомның, склеротомның және париеталды жапырақшалардың саралануы кезінде пайда болады.
- Тағы жүйкелік айдаршадан дамитын эктомезенхима (нейромезенхима) болады.
- Мезенхима адамның тек эмбрионалдық даму кезінде ғана болады.
Борпылдақ дәнекер тіні - Қан және лимфа тамырларымен бірге жүретіндігіне және көп мүшелердің стромасын түзейтіндігіне байланысты, борпылдақ дәнекер тін барлық мүшелерде анықталады.
- Ол әрқилы гистогенетикалық детерминациялық жасушалардан және жасуша аралық заттардан тұрады.
Жасушалары: - Фибробластылар ( фибриллаларды түзеуші жасушалар тобынан)
- Макрофагтар
- Тіндік базофилдер
- Адвентициалды жасушалар
- Плазмоциттер
- Перициттер
- Май жасушалары
- Қаннан ауысып келген лейкоциттер, кейде пигментоциттер.
Фибробласттар-жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды , гликопротеиндерді синтездейді. Фибробласттардың негізгі қызметімен - Негізгі заттың және талшықтардың пайда болуы,
- Жараның жазыла бастауы,
- Грануляциялық тіннің дамуы,
- Бөгде заттың айналасында дәнекер тіндік капсуланың түзілуі және т.б. тікелей байланысты.
Мезенхималық жасушалардың ішінде фибробласт дифферонына бастау беретін дің жасушалары болады: - Аздифференцияланған.
- Дифференцияланған (жетілген, белсенді қызмет атқарушы).
- Фиброциттер.
- Миофибробласттар.
- Фиброкласттар болып жіктеледі.
Аз маманданған фибробласттар - Аздаған өсінділері бар
- Дөңгелек пішінді болып келген ядросы мен ондағы шағын ғана ядрошығы анықталған
- Цитоплазмасы базофильді, РНҚ өте көп , бұл типтегі фибробласттарда белок синтезі мен секрециясы өте төмен. Бірақ олар митоз жолымен өте тез бөлінеді.
Пісіп жетілген фибробласттар - Тіннің құрамында өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар.
- Цитоплазмасы базофильді, жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар.
- Гольджи комплесі, митохондриясы, лизосомалары өте көп. Бұлар жасуша аралық заттың синтезіне қатысады. Коллаген синтезі.
- Олардың цитоплазмасының құрамында микрофиламенттер мен актин және миозин бар.
Фиброциттер - Фибробласттардан дамыған дефинитивті түрі.
- Пішіні жіпше тәрізді.
- Ұзын өсінділі, органеллалары өте аз, жасуша қосындысынан липидтер мен гликогені бар.
- Синтездік қызметі төмен.
Миофибробласттар - Фибробласттарға ұқсас , коллаген белоктары мен қоса , жиырылғыш белоктарын синтездейтін жасуша.
- Қызметі жағынан тінінің миоциттеріне ұқсас болып келгенімен, құрамында жақсы дамыған эндоплазмалық ритикулум болады.
- Қызметі жарақаттану процесінде регенарациялық қабілеті арқылы жараны жазады.
- Мысалы: Жатырдың жарасын тез қалпына келтіреді.
Фиброкласттар - Фагоцитарлы қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезінде жасуша аралық затты сорады.
- Мысалы жүктілік аяқталғаннан кейін жатырдың қайта қалпына келтіреді.
Макрофагтар - Өте ірі , ағзадағы қорғаныс қызметіне қатысатын жасушалар тобына жатады.
- Олардың бос және бекінген түрлерін ажыратады.
- Бос макрофагтар: дәнекер тіннің гистиоциттері, серозды қабаттағы, өкпе макрофагтары.
- Бекінген макрофагтар: Сүйек тіндегі , сүйек кемігіндегі, көк бауыр лимфа, эпидермистегі, плацентадағы макрофагтар.
Плазмоциттер - Ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма глобулин синтездейді.
- Цитоплазмасы базофильді боялған.
- Жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар.
Адипоциттер - Май жасушалары.
- Ағзада трофикалық энергия қоры, судың метоболизміне қатысады.
- Мүшелерде шоғырланып май тінін түзеді.
Аралық зат - Коллаген және эластин талшықтары мен негізгі заттан тұрады.
- Коллаген талшықтары дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет береді.
- Әр түрлі бағытта орналасады.
- Эластин талшықтары – өте созылғыш әрі майысқақ.
Негізгі немесе аморфты зат - Гель тәрізді қоймалжың субстанция.
- Интегратты—буферлі жүйе деп аталады.
- Құрамында қан плазмасының белоктары су иондар, жасушалардың зат алмасуынан пайда болған өнімдер, протеогликанды құрылымдар болады.
Достарыңызбен бөлісу: |