Адам ағзасында нейрон мен снапстың рөлі қандай? Орындаған: 1-рота, 1-взвод ұланы Серикбаев Арман Жүйке жасушалары



Дата04.01.2022
өлшемі391,83 Kb.
#109436
Байланысты:
Арман


Адам ағзасында нейрон мен снапстың рөлі қандай?

Орындаған:

1-рота, 1-взвод ұланы

Серикбаев Арман

Жүйке жасушалары

(грек сөзі. neuron, neurokytosneuron — жүйке, kytos - жасуша) 

Жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.

Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.

Мультиполярлы нейроциттердің бір өсіндісі - аксон, ал қалған өсінділері — дендриттер. Биполярлы нейроциттерде екі өсіндісінің біреуі дендрит, ал екіншісі аксон. Униполярлы нейроциттің бір өсіндісі аксон (нейрит), ал оның дендритінің қызметін перикарион атқарады. Қызметіне байланысты нейроциттер: сезімтал, байланыстырғыш, қозғалтқыш нейроциттер болып бөлінеді. Сезімтал жүйке жасушалары ми және жұлын түйіндерінде, қозғалтқыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесі мүшелерінде және вегетативтік жүйке жүйесінің түйіндерінде, байланыстырғыш нейроциттер — орталық жүйке жүйесінде орналасады. Жүйке жасушаларының негізгі қызметі - жүйке толқындарын қабылдап, өңдеп, тиісті мүшелерге өткізіп, қарапайым және күрделі рефлекстерді іс жүзіне асырады.



Нейрон құрылысы

Нейрондар бір-бірімен синапстар арқылы байланысады. Синапстар арқылы қозу бір нейроннан екінші нейронға, бұлшық етке немесе бездерге өтеді. Нейрондар бір-бірімен байланысқан кезде бір нейронның ақсоны екінші нейронның дендриттерімен байланысады. Екінші нейронның дендриті қозуды қабылдап, өзінің денесіне әкеледі, қозу ары қарай аксонның бойымен жылжып кете береді. Егер синапс нейронмен бұлшық етті немесе без жасушаларын байланыстыратын болса, нейроннан келген қозу бұлшық еттің жиырылуына, ал бездің секреттің бөлініп шығуына әкеліп соғады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет