247
ретте филолог-шығыстанушы публицист тұрғысынан танылатындығын, жаңа
оқиғалар мен құбылыстарды тап басып барлайтындығын, ойын дәлдеп,
оқырманын иландыра білетіндігін, өмір шындығын рухани-практикалық
пішінде игере алғандығын, алғыр ойшылдығын, талдауға деген тереңдігін,
образды айшықтаушылық қарымын, өзінің ойы мен сезінгендерін өткір етіп
жеткізу шеберлігін атауға болады. Кезінде қоғамдық-әлеуметтік пікірді
қалыптастыруға зор үлес қосқан, ғасыр айрығында да өзектілігін сақтап
қалған қайраткер Құдайберген Жұбановтың публицистикасынан оның
өзіндік қолтаңбасы аңғарылады.
Қ.Жұбанов публицистикасының өзекті болатын себебі: ол ғылыми
негізделген,
оқырманға
барынша
жатық,
көпшілікке
ұғынықты
публицистикалық дәстүрдің негізін қалады. Оның қай туындысын да бей-жай
оқу мүмкін емес.
Құдайберген Жұбанов баспа бетін көрген тырнақалды туындысын
кейін қазақтың белгілі жазушысы болған Жиенғали Тілепбергеновпен
бірлесіп жазған «Өнегелі мұғалім» деп аталған мақала «Қазақ» газетінің 1915
жылғы 19 ақпандағы 103-нөмірінде жарық көрді. «Жиенғали, Құдайберген»
деп қол қойылған аталмыш жарияланымда ауыл мұғалімі Әбділлә
Беркіновтің «пікірі түзу, зерек» екендігі жайында айтылады. Авторлар сол
кездегі ауыл мектебінің жағдайынан хабардар етеді: «
Достарыңызбен бөлісу: