251
ұлттық театрды қалыптастыру, ел кедейлерінің жаңа өмірге бейімделуі, қазақ
емлесінің қандай болуы керектігі жайлы мәселелерді көтерді.
Ғалымның публицистикалық шығармашылығын кезеңдерге бөліп
қарастыру публицист қолтаңбасының өзіндік ерекшеліктерін терең түйсінуге
мүмкіндік береді. Публицистің шығармашылық деңгейінің қалыптасу кезеңі
1915-1928 жылдарды қамтиды. Сол кезеңдегі туындыларынан ұлт қамын
өзек еткені, елдің болашағына алаңдаған терең ойларының ұшқындары
айқын аңғарылады. Екінші кезең 1929-1933 жылдар аралығын қамтиды, онда
әлеуметтік маңызы ерекше мәселелерден бастап, ғылыми публицистикаға бет
бұрғаны байқалады. Соңғы 1934-1937 жылдар аралығын қамтитын кезең
публицистің шығармашылық әлеуетінің едәуір өскендігін байқатады.
Қ.Жұбанов публицист ретінде ХХ ғасырдың басындағы қазақ
зиялыларының алдында тұрған шешімін таппаған мәселелерді батыл
көтеруге атсалысты. Көшелі ой-танымдарды зерделейтін ғылыми
публицистикаға зәрулік сезілген тұста «Буын жігін қалай табуға болады?»
атты еңбегін жариялады. Қазақ тілі грамматикасы мәселелерін ғылыми-
көпшілік тұрғыдан түсіндіруге зор үлес қосты. Танымдық тағылымы мол,
терең талдау сипатында жазылған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты
еңбегі ұлттық публицистикадағы соны үрдістің бастауы ретінде бағалауға
лайық. Түркі әдебиеті тілінің танымы жөніндегі публицистикалық
ой-толғамдары да жаңаша серпінмен жазылуымен ерекшеленеді.
Қ.Жұбанов публицистикасының стильдік ерекшеліктерінің бірі –
полимикалық үрдісті терең меңгергендігі. Полимика – тарихи үдерістің
маңызды шарттарының бірі. Сондықтан да болар біз уақыт өткен сайын
пікірталас мәдениетін меңгеру өзекті мәселеге айналып келеді. Ұзақ сонарға
салып ақылгөйсіну – полимикалық үрдіске жат. Ұзақ сөйлемдер
оқырмандарды жалықтырады және де ой санасына әсер етпейді.
Публицистикада бұл бірден көзге шалынады, кері әсерін тигізеді. Демек,
полимикалық үрдісті ұстанатын публицист түсінікті әрі барынша нақты,
ықшам әрі батыл жазып, істің мәнісін жалпылама сөздерден арылуға
тырысады.
Қ.Жұбанов та өзіндік пайымдауларымен әділ, білікті сарапшы ретінде
көрінеді. Оның көзқарас ерекшелігі, бір қарағанда қарапайым көрінетін ой-
тұжырымдарының өзгешелігі байқалып тұрады. Публицистің полимикалық
үрдісті аса мәдениеттілігімен, мәселеге терең талдау жасаумен, өткірлігімен,
нақтылығымен, көзқарас өзгешелігімен танылады.
Публицистің
полемикалық
үрдіс
үлгісін
жоғары
деңгейде
меңгергенінің айқын көрінісі – «Еңбекші қазақта» жарық көрген «Қазақстан
ағарту жұмыскерлерінің кәсіп ұйымы мүшелерінің бірінші тобына» атты
ұсыныс сипатында жазылған материалы. «Қ.Ж.» деген бүркеншік атпен
жазған үн қосу материалында публицист ағарту қызметкерлері кәсіп
ұйымының қоғам өміріндегі рөлін білгірлікпен айқындай алған. Ұйымның
жұмысын жүргізу барысында Қазақстанның ерекшелігін ескергенді жөн
санайды: «...
Достарыңызбен бөлісу: