255
мұғалімдерінің тірлігіне ден қойып, бағалы ақпаратқа қанық боласың. Оң
жамбасына келетін оқу-ағарту ісінің жай-күйі де назардан тыс қалмаған.
Сондай-ақ қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысына қатысты ой-пікірлері
де оқырман ықыласына бөленгені айқын. Балғын қаламы әлі төселе қоймаса
да, қазақтың саяси өміріне қатысты маңызды мақалалар беріп тұрған,
көкейкесті мәселелер бойынша ұйымдастырылған пікірталастарға қатысқан,
сөйтіп, сол кездегі қоғамдық-саяси ойды бір арнаға бағыттауға атсалысқан.
Қ.Жұбановтың өзекті ойды жеріне жеткізіп айта білу шеберлігі
жанрлық жағынан алғанда негізінен «заметка» жазуға машықтануынан
байқалады. Сондай-ақ тұңғыш фельетоны да балаң публицистің қаламының
желісі әуел бастан өзіндік стилі аңғарылғанына дәлел бола алады. Қазақтың
зиялылары авторлары болып саналатын басылымдарға шалғай аймақтан жас
қалам иесінің де қатысып тұрғаны оның болашақтағы бағыт-бағдарын
айқындады. Алғашқы жарияланымдарынан да кесек ойлардың ұшқыны
байқалды. Бұл кезең өзіне тән ізденіс иірімдерімен құнды.
Білім арқылы қоғамдық дамуға жол ашуды, өз халқын озық мәдениетке
жеткізуді алдына мақсат етіп қойған Абай, Шоқан, Ыбырай негізін салған
ағартушылық-демократтық бағыт публицисті жастайынан баураған. Ол өзі
тұратын өңірде болып жатқан жаңалықтарды, оқу-ағарту мәселелеріне
қатысты ой-пікірлерін губерниялық «Кедей», республикалық «Еңбекшіл
қазақ» (кейін «Еңбекші қазақ») газеттеріне тынбай жазып тұрды.
Қ.Жұбановтың «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген «Темір уезінің
оқушылар тобы» атты мақаласы жұртты жаңалығымен баурап алады.
Аталмыш жарияланымда Темір уезіндегі оқу-ағарту ісінің жай-күйі жаңаша
сипатта баяндалды. Бір уездегі шаруалар жайын сөз ете отырып, автор ел
деңгейіндегі мәселелерге назар аударды. Сауатсыздыққа қарсы күрестің
нақты сипаты болмаса, тиісті нәтижелерге қол жеткізудің мүмкін еместігін
ашық қозғады. «Коммуна мектептері жетіжылдық болсын» атты
мақаласында да автор өзекті мәселені көтереді. Оның ойынша, мектептердегі
оқу мерзімінің қатаң сақталуы айрықша маңызға ие (115).
Бұдан әрі публицист бірте-бірте ауқымды мәселелерді қамтуға бет
бұрады. Мұның нақты көрінісі – «Аулақтан оқыту» атты мақаласы (116).
«Дистанционное обучение» дегенді «аулақтан оқыту» деп алып, мұның
мәнісін қалың көпшілікке түсінікті, ұғынықты тілмен жеткізеді. Аталмыш
жарияланымдағы «
Достарыңызбен бөлісу: