Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


«Елімнің мақтанышы – Даналарым»



Pdf көрінісі
бет184/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

«Елімнің мақтанышы – Даналарым» 
(Ағайынды Жұбановтардың мемориалдықмұражайының қызметі 
жайында)
Мұғалжар ауданы Ембі қаласындағы алғашқы мұражай 1983 жылы 
ақпан айында «Мемориальный музей Ахмета Жубанова» деген атпен 
ашылды. Мұражайдың ашылуына сол кездегі Мұғалжар аудандық партия 
комитетінің І хатшысы Қуандық Зейнешұлы Әлішев көп еңбек сіңірді. 
Қ.Әлішев Алматыға барып, Ахмет Жұбановтың қызы Ғазиза Жұбановадан
академиктің домбырасын, дирижерлік фрагін және фото суреттерін т.б. 
жәдігерлерді әкелді. Мұражайдың ашылу салтанатына аудандық атқару 
комитетінің төрағасы (председателі) Александр Ананьев, Қуандық Әлішев,
Алматы мемлекеттік консерваториясының доценті Тмат Мерғалиев, Алма 
Темірбековалар келіп, мұражайға алғашқы экспонаттарды табыс етті.
Ахмет Жұбановтың 80 жылдығына орай Алматы қаласынан 
академиктің немерелері – Шолпан Болатқызы, Қайрат Магавин, өнер 
қайраткерлері – Ғазиза Жұбанова, Шамғон Қажығалиев, Қаршыға Ахмедяров 
және Құрманғазы атындағы оркестр келіп, туған ауылы Орқаш, 
Жаңатұрмыста болып, дарынды музыканттың ескерткішіне тағзым етіп, 
халықпен кездесіп, мерекелік концерт қойды. Осы мерекеге орай облыстық 
тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Роза Балдыгарина мұражайда 
Ахмет Жұбановтың өмірдеректеріне және шығармашылығына байланысты 
жылжымалы көрме жасақтап, дәріс оқыды. Дарынды өнер иесінің туған 
жерінде мұражайдың ашылғанына қуанып және оны көруге асыға келген
композитордың қарындасы Қазақ КСР Халық шаруашылық көрмесінің бас 
директоры 
Қызғалдақ 
Құдайбергенқызы 
Жұбанова, 
жиені 
Әліби 
Әзербайжанұлы, ҚазКСР-іне еңбегі сіңген халық әртісі, кинорежиссер 
Әзербайжан Мамбетов, Социалистік Еңбек Ері, КСРО халық әртісі, 
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик, Құрманғазы атындағы 


311 
консерваторияның профессоры Бибігүл Ахметқызы Төлегенова, композитор 
Марат Омаровтар т.б. мұражайда болып экспозициямен танысты.
1999 жылы академиктің ағасы – қазақ тіл білімінің тұңғыш 
профессоры, лингвист, ағартушы ғалым Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 
100 жылдық мерейтойына орай мұражайдың аты «Ағайынды 
Жұбановтардың мемориалдық мұражайы» деп өзгертілді.
2004 жылдың 16 тамызында «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 
мұражай жұмыстарын жинақтау, жандандыру барысында облыс әкімінің
№226 қаулысы бойынша Мұғалжар ауданы Ағайынды Жұбановтардың 
мемориалдық мұражайы мемлекеттік мекемесіне 6 штат бірлік берілді. Бұған 
дейін бір қызметкер жұмыс атқарып келген болатын. Осы игі істен бастап 
мұражай қала тұрғындары мен мектеп оқушыларына Құдайберген және 
Ахмет Жұбановтардың өмір жолдарын және олардың өшпес асыл мұраларын 
таныстыру жұмыстары жан-жақты жүргізіле бастады, мұрайжайдың қорын 
толықтыру мақсатында елді мекендерді аралап, жәдігерлер жинақтау қолға 
алынды.
2006 жылы ұлттық мәдениетіне және Ембі халқы үшін тамаша жыл 
болды. Себебі Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО 
көлемінде тойланатыны жарияланды. Осы үлкен шараға орай мұражайдың 
жаңа ғимаратының құрылысы бой көтерді. Академиктің 100 жылдық 
мерейтойы туған ауылында, ауданда, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында 
және өнер орталығы – Парижде тойланды. Ембі қалалық мәдениет үйінің 
алдына Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Ж.Кенбайдың 
Ахмет Жұбановқа арнаған «ескерткіш-бюсті» орнатылды. Мерекеге өнер 
және мәдениет майталмандары, академиктің ұрапақтары, бауырлары 
қатысып, өзі негізін қалаған Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі 
концерт берді. Осы мерейтойға орай «Ахмет Жұбанов-100» кітапшасы, 
ағайынды Жұбановтардың өмір жолдарына арналған альбом, буклеттер, 
шақыру билеттері, маркалар, А.Жұбановтың бейнесі тоқылған кілемше,
«Композитор Ахмет Жұбановтың 100 жылдығына арналған Халықаралық 
экслибрис пен графика көрмесі» атты каталогі, «Ахмет Жұбанов», 
«Музыкалық алғашқы адым» т.б. кітаптар мұражай қорына жинақталса,
академиктің қызы Ажар Ахметқызы Жұбанова мұражайға мерейтой иесіне 
арналған деректі фильмнің кассетасын, композиторға арнайы шығарылған 
монеталар мен 100 жылдық мерейтойға арналып шығарылған афишаларды
сыйға тартты. 
2009 жылдың сәуір айына жаңа мұражай ғимаратының ашылу 
салтанатына ғалым Құдайберген Жұбановтың немересі – филология 
ғылымының кандидаты Ардақ Есетқызы Жұбанова, Құдайберген Жұбанов
университетінің доценті Мұхтар Миров, облыстық тарихи өлкетану 
мұражайының директоры Еркін Құрманбеков, аудан әкімі Серік Шанғұтов, 
аудандық мәдениет бөлімінің басшылары, Жұбановтардың туыстары, көзін 
көрген қариялар, мәдениет қызметкерлері, қала және Орқаш елді мекенінің 
тұрғындары қатысып, оларға Жұбановтардың ата-бабаларының алтын бесігі 


312 
болған Ақжардың көрінісін беретін залға, ғалым Құдайберген Жұбановқа 
арналған «Қайталанбас тұлға», Ахмет Жұбановқа арналған «Ғасырлар 
пернесін шерткен», Ғазиза Жұбановаға арналған «Жыр жазған жүрегімен» 
атты экспозицияларға экскурсия жүргізілді. Сонымен қатар мұражай 
жұмыстарын 
жандандыру 
бағытында 
облыстық 
тарихи-өлкетану 
мұражайының ұйымдастыруымен «Музейлердің даму жолындағы өзекті 
мәселелері» атты облыстық көшпелі семинар өткізілді. Семинарға барлық 
мұражай басшылары мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Семинарда 
мұражайдың даму жолындағы бірқатар мәселер қаралып, баяндамалар 
тыңдалды.
Осы жылы ғалым Құдайберген Жұбановтың 110 жылдығына орай «Тіл 
білімінің тарланы» атты мектепаралық жас әуесқой ақындар байқауы 
өткізілді. Байқауда жас ақындар ғалым аталарына арнаған жүрек жарды жыр 
шумақтарын оқыды. Сонымен қатар Жұбановтардың ұрпағы Қызғалдақ 
Құдайбергенқызы және Ардақ Есетқызы жаңа мұражайға келіп,
экспозициясы жасақталған залдармен танысып, мұражайға «Әкем – жарық 
жұлдызым», 1936 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы», «Әулет және 
заман белестері», профессор Құдайберген Жұбановтың 110 жылдығына 
арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары 
жинақталған «Қазақ тілінің өзекті мәселелері» атты кітаптарын, Мүслима 
Жұбанованың «Құдайберген Жұбанов ұлттық дидактика проблеммалары 
хақында» атты еңбектерін сыйлады. 
Ғалым, публицист, ұлт жанашыры Құдайберген Жұбановты және 
кәсіби композиторлар – Ахмет Жұбанов пен Ғазиза Жұбанованы әр қырынан 
таныту мақсатында «Тұғырлы тұлға», «Тіл білімінің жанашыры», «Лингвист 
Құдайберген Жұбанов», «Қайталанбас тұлға», «Тіл кемеңгері», «Тіл алыбы – 
Құдайберген», «Асылдың көзі», «Елімнің мақтанышы – Жұбановтар», 
«Академик өнерді зерделеген», «Композитор Ахмет Жұбанов», «Саз өнерін 
терең меңгерген», «Ерлікпен өткен ғұмыр», «Жыр жазған жүрегімен», 
«Музыка менің әлемім» атты тақырыптарда дәріс сабақтары, дөңгелек 
үстелдер, кездесу кештері өткізіліп келеді.
Өнерде сара жол салып кеткен Жұбановтардың өнерін жалғастырып 
келе жатқан жерлестері үшін жасақталған «Өнерлі өлкем – Мұғалжар» атты 
залда ақын Әубәкір Кердерінің жырын жырлаған жыршы Шоқай, Қазанғап 
күйлерін насихаттаушы күйші әрі композитор Жаңаберген Албетов, цирк 
әлемінің илюзианисті Сұлтанғали Шүкіров, әнші, композитор Бейбіт 
Оралұлы, Қанат және Света Айтбаевтар өнерлерін паш етті. Аталмыш залда
40 жылдай тарихы бар ұлттық аспаптар оркестрінің, «Қарлығаш» қыздар 
вокал тобының және бүгінгі Мұғалжар өңірінің өнерлі азаматтардың 
шығармашылығына байланысты жәдігерлер экспозицияға қойылған. 
2013 жылды наурыз айында Ембі жұртшылығы үлкен қуанышқа 
кенелді. Себебі асылдың көзі, тұлпардың тұяғы ғалым Құдайберген 
Жұбановтың кенже баласы – филология ғылымының докторы, профессор 
Асқар Құдайбергенұлы Жұбанов және Ташкент қаласынан келген профессор 


313 
М.Джусупов, Уфа қаларынан келген профессор З.Сиразитдинов, Алматы 
қаласынан келген профессор Б.Хасанов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе 
университетінің тіл ғалымдары – А.Жұбанова, М.Миров, Н.Сәдуақас және 
суретші Е.Исмайловтар келіп, мұражайдың тарихымен, бүгінгі тынысымен 
танысты.
Асқар Құдайбергенұлы өзінің жүрекжарды естеліктерін айтып, 
мұражайға «Қазақ тіл білімі: қолданбалы лингвистикасы» және «Қазіргі қазақ 
тіл білімі: Қолданбалы лингвистиканың өзекті мәселелері» атты еңбектерін 
сыйлады.
Жұбановтарды насихаттаудағы игі істерді тек қана ауыл, аудан, облыс
көлемінде ғана емес, өзге де аймақтарда жалғастыруды жөн көріп, 2012 
жылдың сәуір айында ОҚО «Саяси-қуғын сүргін музейінде» және 
Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы «Нартай Бекежановтың өнер» 
мұражайларына «Елімнің мақтанышы – Даналарым» атты тақырыпта дәріс 
сабақтары жүргізіліп, озық ойлы әріптестермен тәжірибе алмасып, 
мұражайға қорына тың материалдар әкелінді. Қазіргі таңда мұражай қоры 
толықтырылып келеді. Негізі мұражай экспозициясына Жұбановтардың 
отбасылық және әріптестері, замандастары, шәкірттерімен түскен суреттер 
топтамасы, өз кездерінде киген, тұтынған заттары, жазған еңбектері қоюлы. 
Осындай тарихы бар мұражайдың бүгінгі күнге дейін тірлігін қорыта 
келе айтарымыз: Мұражай – халық қазынасы. Халықтың, оның ішінде жас 
ұрпақтың рухани баюына, өз тарихына деген қызығушылығын арттырып, 
болашаққа мол мұра қалдырып кеткен, дарынды перзенттерінің еңбектерін 
жинақтап, көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізе отырып, әлі де аянбай 
еңбек ете береміз. Ағайынды Жұбановтар атындағы мемориалдық 
мұражайдың өскелең ұрпақты адамгершілік қасиеттерге, өз елінің тарихын 
білуге, елжандылыққа тәрбиелеуде алар орыны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет