Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет185/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
 
ЖҰБАНОВТАР ЖҰЛДЫЗЫ 
(Жұбановтар әулеті жайында) 
 
Жұбановтар әулеті бүгінде Қазақ елінде елге танымал адамдар бірден-
бір көп шыққан әулет болып табылады. Алғашқы Қазақ Совет 
Энциклопедиясының өзінде қазақ ғылымы мен өнерінде өшпес із қалдырған 
төрт бірдей Жұбановтың есімі берілген. Бұл көштің басында, әрине, 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов тұрады.
Жұбановтардың үрім-бұтағын Қуанның балаларынан өрбіткеніміз жөн 
болар. Бұл ретте Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың былай дегені бар: «Әкем 
Қуаннан он төрт құрсақ бармыз» деп отыратын. Өзім білетіндерін айтайын. 
Үлкені – Аққат апай. Одан кейінгі менің әкем Құдайберген. Содан соң екі 


314 
қыз – Дәмет пен Ағиба. Сосын Ахмет. Кәдімгі Ахмет Жұбанов. Одан кіші 
Мұхамбеди». 
Жұбанов Ахмет Қуанұлы 
– қазақтың көрнекті музыка зерттеушісі, 
композитор, тарихшы, дирижер, Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР ғылым 
академиясының академигі, өнертану ғылымының докторы, профессор. Ағасы 
Құдайберген Жұбановтан тәлім-тәрбие алған. Ол бар саналы өмірін қазақ 
музыкасының өсуі мен қалыптасуына арнап, соңына өлмейтін, өшпейтін із 
қалдырды. Ғасырлар бойы атадан балаға таралып келген салт-дәстүрді, әдет-
ғұрыпты, тіл мен мәдениетті жетік білген Ахмет Қуанұлы музыка жанрының 
барлық саласында жемісті еңбегімен көзге түсіп, қайтпас қажырлық танытты. 
Ахмет Жұбанов ғалым-шәкірттер даярлаумен қатар республикада тұңғыш 
тұсау кескен Халық аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Дирижерлығы, 
ешқашан ұмытылмайтын нағыз халықтық ән мен күйлер, камералық, 
симфониялық, опералық шығармалар жазған үлкен композиторлық дарыны 
тағы бар. Осыдан да болса керек, оның есімі туған халқының арасында әр 
кезде зор ілтипат, аса құрметпен аталады. 
Ол ауыл мұғалімі Құсайын Ашығалиевтен, Ғалым күйшіден біраз 
тәлім-тәрбие алды. 1919-1928 жылдары хатшылық, оқытушылық қызмет 
атқарды. Темірде орыс халық аспаптары әуесқойлары оркестріне қатысып, 
скрипкашы П.Черняктан (сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) 
сабақ алды.
1929 жылы оны ағасы Құдайберген өзімен бірге Ленинградка ертіп 
барады. Ахмет Жұбанов онда Ленинградтың М.И.Глинка атындағы 
техникумында Этигонның скрипка класы бойынша білім алды. Содан соң 
консерваторияда профессор Н.А.Ниманның гобой класы бойынша дәріс 
тыңдады. Кейіннен музыканың теориясы мен тарих факультетінде оқыды. 
Оның алғашқы зерттеу мақаласы 1930 жылы Ленинградтың «Рабочий и 
театр» журналында жарияланды. Ол зерттеуші-теоретиктер, майталман 
мамандар Б.В.Грубер, А.В.Островский, Х.С.Кудшарев, Ю.Н.Гюлйндерден 
дәріс алды. Консерваториядағы сабақтармен қатар Ленинградтың тарихи-
лингвистикалық 
институтының 
тарих-социология 
факультетінде 
этнографиядан лекциялар тыңдап, музыка фольклоры саласында еңбек етіп 
жүрген танымал ғалымдармен тығыз байланыста болып, музыкалық нотаға 
түсіру, жазып алу сырларына қанығады. Олардың ақыл-кеңестерін көңіліне 
мықтап тоқиды. Соның нәтижесінде Ахмет Жұбанов туған өлкесі – Ақтөбе 
аймағына барған экспедицияға қатысады. Осы сапарда жазып алған 
«Сараның әні» 1932 жылы жарияланған «Сібір энциклопедиясында» жарық 
көрді. 
Отызыншы жылдары Ахмет Жұбановтың ғылыми-зерттеу жұмысына 
кең жол ашылды. Ғалым өз кезегінде халықтың музыка мұрасын жинап, 
зерттеу барысында оларды нотаға түсірумен ғана шектелмей, небір ықылым 
замандардан бізге жеткен асыл қазыналардың сырын ашып, әнші-күйші 
композиторлардың шығармашылығын шұқшия талдады. «Зерттеушінің осы 
саладағы тырнақалды еңбегі 1936 жылы жарық көрген «Қазақтың халық 


315 
композиторы Құрманғазы» атты очеркі болатын, – деп жазады өнертану 
ғылымының кандидаты Зейнұр Қоспақов, –Мұнда айтулы күйші 
шығармаларының мазмұны мен әлеуметтік астарлары, көркемдік қасиеттері 
асқан білгірлікпен суреттеліп, домбырашылық мәдениетті дамытудағы 
көрнекті орны мен рөлі анықталды». Кейін бұл очерк үлкен монографияға 
ұласты. 
Ағасы Құдайберген Жұбанов ұсталып кеткеннен кейін Ахмет Жұбанов 
партиядан қуылып, жұмыстан босатылды. Ахмет Қуанұлының ұлы Болат 
Ахметұлы Жұбанов сол күндер туралы былайша сыр суыртпақтайды: 
«Әкемнің сол өте қиын әрі әділетсіз кезеңдегі өмірге деген ынтазарлығына 
осы күнге дейін өте қатты таңданамын. Тұтқынға алынуды күтіп, түнімен көз 
ілмейтін күндердің өзінде ол қазақтың музыкалық мәдениетін ең жоғары 
ғылыми деңгейге көтере білді. Ол сол бір 30-жылдардың соңында қазақтың 
халық композиторларына, ақындарына, әншілеріне ғылым талдау жасай 
отырып, өнерді жүйелі түрде зерттеді. Ол достарының өтініші бойынша, яғни 
зерттеу мен іздену, еңбек ету негізінде радиоқойылымдар дайындайтын, 
содан түскен азын-аулақ қаламақысына жанұясының өмір сүруіне жағдай 
жасайтын. 
Бұл жұмыстар Ахмет Қуанұлының өмірінің бір сәті болып қалмады, 
олар болашақ шығармашылық ізденістің түп қазығына айналды. Соғыстың 
қиын жылдарында халықтың рухани мәдениетінің ең маңызды саласы – 
музыкалық өнер туралы алғашқы кәсіптік-ғылыми зерттеулер жинағын, 
«Қазақ композиторларының өмірі мен шығармашылығы» атты ірі 
монографиясын шығарды. 
Еліміздің ғылыми және музыкалық жұртшылығы бұл жұмысты жоғары 
бағалады, сондықтан ВАК-тың (Жоғары Аттестациялық комиссия) 1944 
жылғы шешімімен оған КСРО-ның азиялық бөлігі бойынша бірінші рет 
өнертану ғылымдарының докторы дәрежесі берілді. А.Қ.Жұбанов музыка 
мәдениеті саласында ірі ғалым ретінде 1946 жылы республика Ғылым 
академиясының алғашқы он төрт ұйымдастырушы академиктерінің 
қатарында болды. 
Ұлы Отан соғысының аяқталар тұсында Ахмет Қуанұлы өзінің 
композитор жолдасы Латиф Хамидимен бірігіп, тағы бір үлкен 
шығармашылық ерлік жасады, ол 1946 жылы Алматы опера театрында 
қойылған, М.Әуезов либреттосына жазылған қазақтың тұңғыш кәсіптік 
деңгейдегі «Абай» операсы еді. 
Сол жылдары партия билігінің жоғарғы сатысында отырғандардың 
Кенесары Қасымов басқарған халық азаттық қозғалысын теріс бағалауына 
орай, ел ішіндегі жаппай қуғындаудың басталуынан республиканың көптеген 
ғалымдары тұтқындалып, жер аударылды. Бұл зобалаңға менің әкем де тап 
болды. Ол партиядан қуылып, республика Ғылым академиясының 
кұрамынан 
шығарылып, 
консерваторияның 
ректоры 
қызметінен 
босатылғандықтан, тағы да репрессияға ұшырамау мақсатымен «біліктілігін 
арттыру үшін» Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. 


316 
Бұл оған және оның отбасына өте ауыр соққы болып тиді. Ахмет 
Қуанұлы энциклопедиялық білімі бар, ой-өрісі жоғары, оптимист, табанды 
күрескер адам болғандықтан, өзінің абыройы мен қадірін сақтай білді. 1953 
жылдан соң Алматыға қайтып оралған ол республика Ғылым академиясының 
толық мүшелігіне қайта сайланып, Мәскеуде сол жылдары дәстүрлі түрде 
өткізіліп тұрған бірнеше Қазақстан өнерінің онкүндігіне музыка саласы 
бойынша жетекшілік етті, консерваторияның кафедра меңгерушісі болды, 
Ғылым академиясында өнертану секторын басқарды. Оның талантынан туған 
опералар, басқа да ірі музыкалық шығармалар – қазақ халқының музыкалық 
өнері туралы «Ғасырлар пернесі» және «Замана бұлбұлдары» атты бірегей 
монографиялары тек музыкатанушылардың ғана емес, бүкіл қазақ халқының 
қолынан түспейтін өміршең кітаптарға, біртума шығармаларға айналды. 
Жоғарыда айтылғандай, өзінің жолдасы және әріптесі, тамаша композитор 
Латиф Хамидимен бірге ол 1945 жылы қазақ халқының ұлттық классикалық 
операсына айналған, М.Әуезов либреттосының негізінде жазылған «Абай» 
операсын дүниеге әкелді. Өзінің осы замандастарымен бірігіп, Ұлы Отан 
соғысының батырларына арналған «Төлеген Тоқтаров» атты операсын 
шығарды. Оның музыка тақырыбына жазылған шығармаларының саны 101 
десек, Қазақстанның музыка мәдениетіне байланысты басылып шыққан 
еңбектерінің саны 316-ға жетті. 
Ахмет Қуанұлының жетекшілігімен өнертану саласында 7 адам ғылым 
кандидаты атағын алу үшін диссертация қорғаса, соның ішінде республика 
Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Б.Г.Ерзакович те бар». 
Ахмет Қуанұлы Жұбанов туралы оның үлкен қызы, әке жолын қуған 
халқымызға белгілі композитор Ғазиза Жұбанованың айтары мол. Ол өзінің 
«Мир мой – музыка» деп аталатын кітабында әкесі туралы барынша жылы 
жазады: «Алты жасымда әкем мені музыкалық техникумның жанындағы 
музыка мектебіне алып барды, мен сонда мұғаліміміз Бурдановадан 
фортепиано класы бойынша дәріс ала бастадым. Осылайша, әліппені 
білместен бұрын ноталарды білгенмін. Баланың жадында бәрі де сақталады 
емес пе, кез келген пьесаларды тез жаттап алатын едім, тіпті «көрермендер» 
алдында, мектеп олимпиадасында өнер көрсете бастадым... 
Біздің әкеміз балаларға елжіреп қарайтын, олардың қызығушылығы 
мен талабына, әсіресе, музыкамен шұғылдануына айрықша көңіл бөлетін. 
Есімде, ол ылғи біздің күнделігімізді тексеретін, егер «үштік» немесе тәртіп 
жөнінде ескерту жазылса, онда ол бізді кәдімгідей «сілкілейтін», келесі күні 
міндетті түрде мектепке соғып, мұғалімдерімізбен сөйлесетін. Содан да 
болар оның барлық бес баласы да мектепті табыспен бітірді, жоғары оқу 
орындарына, аспирантураға түсті, өзінің жұмысында елеулі жетістіктерге 
жетті. 
Әлі күнге дейін таң қалатынымыз: қолы жұмыстан бір босамайтын 
әкеміз біздің күнделігімізді тексеруге, мектепке соғуға қалай уақыт тапқан. 
Ал үйде өздерін түгелімен отбасы мен бала тәрбиесіне арнаған шешем мен 
әжем де бар еді... 


317 
Мен Мәскеуге, Гнесиндер атындағы музыкалық училищеге түсуге 
шешім қабылдағанда, әкем менімен бірге барды. Композиторлық кәсіп 
бойынша емтихан алған профессор, белгілі композитор М.Ф.Гнесин 
қабылдау емтиханында маған «5» қойып, мінездемеге былай деп жазды: 
«Ғазиза Жұбанова – композиторлық қабілеті бар талантты қыз...». Әкем 
шексіз қуанды. Ол енді анама басу айта алатын еді. Өз кезегінде анам орта 
мектепті алтын медальмен бітіріп, училищеге түсем дегені қалай деп қатты 
уайымдаған... 
Әкем өмірдің мәні жоғары оқу орнына тіреліп тұрмағандығын, бәрі де 
мұратқа байланысты екендігін, адам күні мен түні соған қызмет істеп, ләззәт 
алатындығын жақсы түсінген еді. Осылайша әкемнің арқасында кәсібімді 
дұрыс таңдап, осы салада отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп келемін... 
1954 жылы Мәскеудің П.И.Чайковский атындағы консерваториясын 
үздік бітірдім, 1957 жылы аспирантураны тәмамдадым. Өзімнің дербес 
композиторлық қызметім басталғанда әкеміз екеуміз нағыз дос әрі әріптеске 
айналдық. Мен онымен көп ақылдастым. Ол менің шығармашылық тұлға 
ретінде қалыптасуыма, композиторлық еңбекке деген көзқарасыма орасан 
зор үлес қосты.
Өз кезегінде ол да менімен ақылдасып тұрды, тек шығармашылық 
мәселеде ғана емес... Осылайша, әкем досыма айналды, онымен ойымда 
жүрген, толғандыратын мәселелер жөнінде, тіпті менің балаларым – оның 
немерелері жөнінде де пікірлесуге болатын еді. Ол немерелерін жақсы 
көретін, олар да атасының елжіреген ықыласын ұмытпақ емес... Менің үлкен 
қызымды ұлы домбырашы Дина Нұрпейісованың құрметіне Дина деп 
атады... 
Ол өмірді құлай сүйетін, адамдар үшін, өзінің балалары үшін көп 
шаруа тындырды... Ол – шынайы тұлға, өз халқын қалтқысыз сүйетін үлкен 
суреткер еді. Жүрегі нәзік, қиялы ұшқыр, жігер-күші мол, жеңіл жараланатын 
жан болатын... Оған қызғанышпен қарайтындар да аз емес-ті. Таланты тым 
жарқын еді, тұлғасы да ерекше еді. Ол музыкалық білім алған (Ленинград 
консерваториясында музыкатану мамандығын алған) тұңғыш қазақ 
болатын...». 
Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ 
күй өнерінің сандақтарының бірі профессор Қаршыға Ахмедияров «Жас 
алаш» газетінің 1999 жылғы 26 маусымдағы нөмірінде газет тілшісімен 
әңгімесінде былай дейді: «Дүние жүзінде Құрманғазы оркестріндей оркестр 
жоқ. Неге? Немен дәлелдей аламыз? Себебі қазақ халқы сияқты күй өнеріне 
бай халық жоқ. Мұны ғылыми түрде дәлелдеген – Құдайберген Жұбанов. Ол 
халық жауы делініп атылып кеткесін бұл істі інісі Ахмет Жұбанов 
жалғастырды. Ахаңның ұлылығы сол – сол байлықты қолдана отырып, 
Құрманғазы оркестрінің негізін қалады. Кеңес одағы кезінде дүниежүзілік 
фестивальға, осы оркестр, қазақ оркестрі барды. Орыс емес, өзбек емес, 
ұйғыр емес, қазақ оркестрі. Әлемге Кеңес одағын, қазақ халқын Құрманғазы 
оркестрі танытты. Және фестивальдің бас бәйгесін иеленді». Күйшілік 


318 
мектептер туралы айта келіп, Қ.Ахмедияров тағы да былайша ойын өрбітеді: 
«А.Жұбанов барлық күйшілерді зерттеп, күйлерін сараптай келе, Құрманғазы 
мен Тәттімбетке тоқтайды. Неге? Себебі, олардың күйлері – таза аспаптық 
жанр». 
«Ұлттық оркестрді құру тарихи оқиға болды, – деп еске алады Ғазиза 
Жұбанова, –Бірінші концерттен соң-ақ халық оны жылы қабылдады, 
сүйіктісіне айналды. Әкем оны құрушы ғана емес, алғашқы дирижеры да 
болды. Оркестрдің өнерін халық ғажап оқиға ретінде қабылдады. Ол 
оркестрмен бірге республикамыздың түкпір-түкпірінде, сондай-ақ олардың 
сырт жерлерінде де ұзақ сапарларда болды. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ 
өнері мен мәдениетінің алғашқы онкүндігінде оркестр керемет табысқа жетті. 
Үлкен театрдағы оркестр концертінің кинокадрлары сақталған. Олардың 
орындауындағы халық классиктерінің күйлері жәй кәсіптік деңгейден де 
жоғары... Бұл Ахмет Қуанұлының өмірінің «ғажап сәттері» болатын. 
Бұған бір-екі жыл опера театрында дирижер болғанын қосар едім. Ол 
спектакльдерде мен де болғанмын... Спектакльдер зор табыспен өтті, ел 
қазақдирижерға да баратын... 
Менің әкем өте еңбекқор және мақсатына жету жолында табанды еді 
(осы қасиеті маған да жұққан сияқты). Қырқыншы жылдардың басында ол 
«Қазақ халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы» деген 
кітапты жазуға кірісті. 1942 жылы аталмыш кітап жеке басылып шықты. 
Кітаптың табысы күткендегіден де асып түсті. Ол бір сәтте сатылды. Бұл – 
қазақ музыкатану ғылымындағы алғашқы монография еді... Әкемнің 
өміріндегі тағы бір жарқын мереке – 1964 жылы Мәскеуде өткен 
антропология және этнография жөніндегі халықаралық конгресс, онда ол 
баяндама жасап, «Ақсақ Құлан» күйін домбырада керемет етіп тартып 
берген... 
1966 жылы әкемнің өмірінде ең үлкен мереке болды. Оның мерейтойы 
– туғанына 60 жыл толуы – ресми түрде алғашқы және соңғы рет аталып 
өтілді. Салтанатты рәсім Қазақтың Абай атындағы опера және балет 
театрында өткізілді. Сахнада анам да, біз – балалары да, немерелері де 
болдық... Құттықтау борап кетті. Көрермен қауым құттықтауларды жылы 
қабылдады, мерейтой иесінің жауап сөзін ықылас қойып тыңдады. Әкем 
тамаша және озық ойлы шешен еді. Оның даусы онша қатты шықпайтын, 
сондықтан да, ол сөйлеген кезде, консерваторияда студенттерге лекция 
оқығанда да мүлгіген тыныштық орнайтын. Бұл оның үлкен аудиториядағы 
соңғы сөзі болса керек. Бұдан соң әкемнің шығармаларынан құрастырылған 
мерекелік концерт болды, онда жас өнерпаздар да, әртүрлі театрлар мен 
концерттік ұйымдардың тәжірибелі әртістері де өнер көрсетті...». 
Ахмет Жұбанов халық музыкасын асқан ұқыптылықпен зерттеп, 
қазақтың мыңдаған әндері мен күйлерін нотаға түсірді. 1958 жылы 
А.Жұбановтың «Ғасырлары пернесі» атты монографиясы әуелі орыс тілінде, 
кейін қазақ тілінде жарық көрді. Мұнда көрнекті халық композиторлары 
Дәулеткерей, Құрманғазы, Дина, Сейтен, Тәттімбет, Байсерке, Абыл, 


319 
Ықылас, Сармалай және басқалардың өмірі мен шығармашылығына арналған 
монографиялық очерктер орын алған. Бұл еңбек қамтылған материалдар 
молдығы жағынан, қарапайым тілмен баяндау тұрғысынан жұртшылықтың 
көңілінен шықты. 
1963 жылы Ахмет Жұбановтың тағы бір қомақты зерттеу сипатындағы 
еңбегі «Замана бұлбұлдары» дүниеге келді. Онда қазақтың аса көрнекті 
халық композиторлары мен әншілері Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, 
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Мәди, Майра, Әміре және 
басқаларының өмірі, орындаушылық шеберліктері жайында мол мағлұматтар 
беріледі. Осы еңбегі үшін Ахмет Жұбановқа 1968 жылы Қазақстан Ғылым 
академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. 
Ахмет Жұбановтың композитор ретіндегі жеке шығармашылығы да 
қазақ музыкасының тарихынан ерекше орын алады. Оның әндері мен 
романстары, камералық және аспаптық шығармалары, драмалық пьесалары 
мен кинофильмдерге жазған туындылары – өз алдына бір төбе. 
Қазақ тілінде тұңғыш «Музыкалық әліппе» жазған да – Ахмет 
Жұбанов. Қазақстан Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет 
және өнер институтының музыка бөлімін басқарды. Оның шоқтығы биік 
туындысы Л.Хамидимен бірігіп жазған «Абай» операсы болса (аталмыш 
шығармасы үшін Мемлекеттік сыйлықты иеленді), өзі бастап жаза бастаған 
«Құрманғазы» атты қазақтың тұңғыш радиооперасын қызы Ғазиза Жұбанова 
аяқтады. 
Ахмет Қуанұлының қоғамдық қызметіне келсек, ол Алматы 
мемлекеттік консерваториясының ашылуына айтулы үлес қосты, ректоры 
болды, осы консерваторияның халық аспаптары кафедрасын басқарып, жас 
музыка мамандарын даярлауға атсалысты. Жамбыл атындағы Мемлекеттік 
филармонияның ұйымдастырылуына ұйытқы болды, осы мекемеге біраз жыл 
директорлық етті. Қазақ музыкасының қалыптасу кезеңінен бастап күні 
бүгінге дейінгі жетістіктерінде Ахмет Жұбановтың орасан зор еңбегі бар. 
Ғалым-академик, педагог, композитор, дирижер, қоғам қайраткері Ахмет 
Жұбановты өнер сүйер қауым «саз бен сөздің сәулеткері» деп орынды 
атайды.
Қуанның кіші ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет