екен.
Жақындаса келгенде мен ол кісіні Кәраға деп
құшақтай
алыппын. Ол кісі де «Өй, Ақан, Ахмеди, сен
қайдан
жүрсің мұнда қашан
келдің?» – деп, құшақтаса кетті. Мен осында оқуға келіп, ҚазПИ-ге жаңа ғана
түс
кенімді
айттым. Ол кісі: «Қай факультетке, математика
факультетіне
ме?» – деді. Мен: «Жоқ, қазақ тілі мен
әдебиеті
бөліміне түстім», – дедім. Ол
таң қалғандай
болды да:
«Мен осындамын, сол ҚазПИ-дің сол факуль
тетін
бітіргенмін, қазір 40-шы орта мектепте мұғаліммін,
осы Красин
көшесінің
бойында Комсомол көшесінен әрі
үшінші
үйде тұрамын. Сонда кел, бәрін
сөйлесерміз, мені
үйден
тек түстен кейінгі уақытта ғана табасың», – деді де:
«Мына кісі – профессор Құдайберген Жұбанов
ағай», –
деп таныстырды. Бұл
кісіні мен бұрын көрген
жоқ
едім. Ол кісі басын изеген соң мен де басымды
изе
дім.
Кәрағаң: «Жарайды, жолдарың болсын, маған қайт
сең де
кел,
күтемін», – деді де, Қ.Жұбанов ағаймен паркке еніп кетті...
Екі күннен соң мен Кәрағаңды іздеп, өзі көрсеткен үйге келдім (ол
кездегі үйлер бір қабат, ағаштан, кірпіштен салған болатын). Қақпадан еніп,
қорадағы үйдің сыртқы есігін қағып едім, бір егде әйел есікті ашты. Мен:
«Кәрібай Барманқұлов деген кісіге келдім», – дедім. Жаңағы әйел: Кәреке,
сізге біреу келіп тұр», – деп дыбыстады. Кәрекең қарсы шығып, қолымнан
жетектеп, бір бөлмеге енгізді де, орындыққа отырғызды. Сосын өзінің
басынан кешкен оқиғаларын баяндады: Қарқаралыдан кет
кен соң
осы
ҚазПИ-ге қазақ тілі мен әдебиет бөліміне
түсіп,
оны өткен жылы бітірген
екен де, осы қалада мұғалім боп қалған екен... Мен де ол кісіден айрылысқан
шақтан бастап, осы кездесіп отырған сәтке дейінгі басым
Достарыңызбен бөлісу: |