Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


себептен тәуір оқитын  студенттерді курстарға оқытушы  етуді



Pdf көрінісі
бет213/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

себептен
тәуір оқитын 
студенттерді курстарға оқытушы 
етуді
жөн деп ұйғарған.
Профессор Құдайберген Жұбанов айтқандай, жазғы каникулда бір топ 
адам білім жетілдіретін курстарға барып сабақ бердік. Соның ішінде мен де 
Қарағанды облысы, Шортанды (Щучье) ауданында ұйымдастырылған курсқа 
сабақ беріп қайттым... 
1937 жылдың сентябрь айының орта шенінде кезекті 
лекцияға
кірісер 
алдында проф. Қ. Жұбанов: «Ахмеди, сіз институттың сырттай оқитын 
бөлімінің бастығы Зуев жолдасқа барыңызшы, мен жіберді дегейсіз», – деді. 
Сабақ біткен соң Зуевқа бардым да, амандықтан кейін: «Мені проф. Жұбанов 
жіберіп еді, фамилиям – Аха
нов», –
деп, жөнімді айттым. Зуев орнынан 
ұшып түре
гелді
де, сейфтен бір анкета алып: «Мынаны толтырыңыз, жарты 
ставкаға оқытушы етіп қабылдау жөнінде арыз жазыңыз, ал атқаратын 
қызметіңіз — сырттан оқитын студенттерге арнаулы тапсырмалар беру, олар 
орындалған тапсырмаларды осында жіберіп отырады, соларды тексеріп, 
тиісті баға қойып, біздің инспекторға өткізіп отырасыз; одан кейін сессия 
кезінде сырттай оқитын студенттерге нұсқау, жол-жоба көрсетіп, келесіде не 
істейтіндерін, әрбір сессияға дейін жіберілген тапсырмаларды орындап 
отыруға тиіс екендіктерін түсіндіріп отыратын боласыз», – деді... 
Оқытушы мен оқушының арасындағы қарым-қатынастан келтірілген 
мұндай үзінділерден проф. Жұбановтың адамгершілігі күшті, әрі кішіпейіл
әрі өзгеге қамқор адам болғанын көреміз. Кейін байқасам, Құдайберген 
ағайдың осындай қарым-қатынасы жалғыз менімен ғана емес, өзге де 
бірқыдыру студенттермен болып отырған екен. Осы қамқорлығы, қазақ тіл 
білімінің жас кадрларын даярлау жөніндегі ұстаған бағыты, әрі 
ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі енді бізді егде тартқанда да 
қайран қалдырады. 
Мен өзімнің профессор Жұбановпен қалай танысқанымды және одан 
әрі қарайғы қарым-қатынастарым жөнінде үзік-үзік ойларымды ғана айтып 
отырмын. Менің айтқандарымда ешқандай жалғандық та, ешқандай қоспа да 
жоқ, нағыз шындық, тек қана шын мәліметтер.


396 
Профессор Құдайберген Жұбанов басқа курстарда оқитын тілге бейім 
кейбір студенттермен, мысалы, Әкім Әйнековпен, Ғайнеден Мұсабаевпен, 
Шаймерден Балжановпен және басқалармен үнемі әңгімелесіп-білісіп 
жүретін-ді. Сонымен қатар, профессор Қ.Жұбанов тіл табиғатын білуге 
бейімділігі бар жастарды қамқорлығына алып, оларға тәрбие беруге, бағыт-
бағдар нұсқауға, олардың басқа да мұң-мұқтажына қарай көмек көрсетуге 
шын ықыласымен әзір тұратын аға, азамат екені айқын көрініп тұратын. 
Проф. Жұбанов тілді терең танып білуге бейім студенттерді әрбір курстарда 
сабақ беріп жүрген оқытушылардан сұрастырып, білістіріп отыруды, 
соларды бауырына тартып ақыл беруді, өзінің бірден-бір борышы деп 
санайды екен. Сол кездегі Қ.Жұбанов басқарған үш мекемеде (ҚазПИ, 
Наркомпрос, Академияның филиалы) небары бес-алты ғана тіл маманы 
болды, ал республика көлемінде тіл құрылысы (ана тілінің) міндеттері ұшан-
теңіз еді. Қ.Жұбанов сол себептен жастар арасынан тілге бейімдігі бар 
адамдарды біліп-танып, оларды болашақ үлкен істерге даярлауды өзіне зор 
міндет санаған. Біздің курста «Қазақ тілінің нормативтік курсын» қазақ тілін 
өте жақсы меңгерген білімдар, тәжірибесі бай Телжан Шонанов дейтін 
оқытушы жүргізді. Бұл кісі сол кезде араб әліппесінен латын әліппесіне жаңа 
ғана көшумен байланысты аталмыш курстың «Жаңа орфография» тарауына 
көп көңіл бөліп, соған арнап өзі жасаған орфографиялық ережелерді жүйелі 
түрде оқытты. Курстың фонетика, морфология, синтаксис тарауын да әрі кең, 
әрі терең деңгейде жүргізді. Сондай-ақ осы тараулардың қай-қайсысын 
болмасын оқушыларға үнемі сұрау-жауап арқылы, практикалық материалдар 
іздестіруге машықтандыру жолымен дәйім тиянақтап, пысықтап отырды. 
Бірінші курста «Тіл біліміне кіріспе» атты курсты жүргізген жас 
оқытушы Нүрсейітов те курстың әрбір тақырыбына арнап коллоквиум 
өткізіп, оқушылардың білімін тексеріп, орнықтырып отырды. 
Ал орыс тілінің оқытушысы Е.В.Кротевич сабақты өзінше бір қонымды 
әдіспен өткізуші еді. Оқытатын пәні практикалық курс бола тұрса да, дәйім 
сабақтың әрі көрнекі, әрі ғылыми дәрежесі жоғары болып өту үшін белгілі 
бір тақырыпқа, мейлі ол меңгеру категориясы ма, қиысу категориясы ма – 
бәрібір, үйден текстер даярлап әкеп, тақтаға жазатын еді де, қажетті 
формаларға әр түрлі белгі қойып, сол форманың қандай мағына беретінін 
жіті түсіндіретін-ді. Оның үстіне сол орыс текстін қазақ тіліне аударатын. 
Сөйтіп, орыс тіліндегі белгілі бір форма қазақ тілінде қалай, қандай форма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет