Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ды салыстыру арқылы ғана емес, осы күнгі қазақ тілінің фонетикалық,  грамматикалық материалдарын, қазіргі  башқұрт



Pdf көрінісі
бет215/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

ды
салыстыру арқылы ғана емес, осы күнгі қазақ тілінің фонетикалық, 
грамматикалық материалдарын, қазіргі 
башқұрт,
өзбек, татар т. б. 
түбірі бір тілдердің деректе
рімен
салыстырып талдайтынын айтты.
Ноябрьдің орта кезінде, бір күні кезекті лекциясына келеді деп күтіп 
отыр едік, деканаттан бір кісі келіп: «Жұбановтың лекциясы бүгін 
болмайды», – деді. Сол күні проф. Жұбановтың аса жұмыс басты адам екенін 
білетін мен жоғары мектептердің біріне мәжіліске кеткен шығар деп ойлаған 
едім. Ертеңінде «Жұбанов ұсталып кетіпті» деген суық хабар естідік. Ол 
кезде «неге ұсталыпты» деген сияқты сұрауларды жұрт бір-біріне қоюдан 
қорқатын, қоя алмаушы еді. 
Осыдан кейін біз проф. Жұбановтың жарқын жүзін де көрмедік, мәнді, 
сазды үнін де естімедік... 
Соңынан «Қазақ тілінің тарихы» атты курстың өзін де, сол курс туралы 
да институтты бітіргенше ешбір сөз естімедік. Проф. Жұбанов жоғарыда 
оқып, тоқтаған лекциялардан кейін, енді сол тарихи курстың бұдан былайғы 
желісі қандай болады, тарихи фонетикадан, я тарихи грамматикадан 
басталып жүргізіле ме немесе қазақ әдеби тілінің мәселелерін баяндаудан 
бастала ма, – ол жағы бізге беймәлім болып қала берді. 
Расын айтсам, мені қазақ тілін жете білуге, зерттеуге, осы салаға 
мамандануға жетелеген, тіл біліміне баруыма жол ашқан – ардақты ақылгөй 
аға, білгір, ұлағатты ұстаз – Құдайберген Жұбанов болды. 
Р.Казиев 
 
Үлкен дарын иесі 


399 
Құдайберген Қуанұлы Жұбанов тек ірі лингвист ғалым ғана емес, ол 
педагог-ғалым, халық ағарту ісінің көрнекті қайраткері еді. Ол өзінің бар 
өмірін бүтіндей мектеп, халық ағарту ісіне арнады. Темірдегі бастауыш, орта 
мектептерде сабақ берген және уездік оқу бөлімінде инспектор-методист 
болып қызмет істеген. Кейін Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінің методисіне 
жоғарылатылып, Ақтөбе педагогтік училищесінде әр түрлі пәндерден сабақ 
берген. Сөйтіп, ол ұстаздардың ұстазы болды. Ақтөбе губерниялық оқу 
бөлімінде жүргенде ол қазақ мектептері емес, орыс мектептерінің де методисі 
қызметін атқарды. 
Ол Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінің методисі жұмысымен бірге, 
арнаулы оқу орны Ақтөбе қазақ педагогтік техникумда (қазіргі педучилище) 
үш жыл педагогика, психология және логикадан сабақ береді. Бұл туралы 
республикаға еңбегі сіңген қарт ұстаз (педучилище оқытушысы) Жанғазы 
Жолаев былай дейді: «Мен Құдайберген Жұбановпен Ақтөбе педагогикалық 
училищесінде таныстым. Ол кезде Құдайбергеннің өз кітапханасындағы 
кітаптардың көбі педагогика, психология жөніндегі әдебиеттер болатын. Ол 
әсіресе психология туралы еңбектерді бас алмай оқитын». 
Ұстаздардың ұстазы Қ.Жұбанов губерниялық оқу бөлімінің 
методикалық кеңесінің бір мәжілісінде педучилище оқушыларын жазғы 
демалыс кезінде фольклор мен қазақ тілі тарихын жинауға пайдалануға 
болатынын айтады. Қ.Жұбанов тек оқыту ісімен ғана болып қоймай, оны 
жетілдіру, жақсарту жағына да баса көңіл аударады. Бұған уездік, 
губерниялық, республикалық оқу бөлімдеріндегі инспекторлық міндеті ғана 
емес, оның ауылдық мұғалімдерге ауызша да, хат арқылы да ақыл-кеңес 
беруі дәлел бола алады. 
Ағартушылық саласындағы Қ.Жұбановтың әлеуметтік-тарихи мәні бар 
үлкен еңбегі – оның мектепке арналған қазақ тілі программасын жасап, 
оқулықтарын жазуы. Бұлардың құндылығы сонда – олар тұңғыш қазақ совет 
оқулығы мен программасы болды. 
Қ.Жұбановтың ағартушылық қызметі оның нағыз-ғалым, профессор 
болған кезінде де тоқталған жоқ. Ол Оқу-ағарту халық комиссариаты 
жанындағы оқу-методика секторының меңгерушісі болып қызмет атқарып 
жүрді. Сол кезде оқулық-программаларды өзі ғана жазып қоймай, басқаларға 
жаздыруды ұйымдастырып, оларға ақыл-кеңес беріп, мұғалімдердің білімін 
жетілдіру курстарында, семинарларында сабақ өткізіп, көп еңбек етеді. 
Қ.Жұбанов орта мектепке оқулықтар аударуға да көп еңбек сіңірді. Ол бұл 
маңызды іске тікелей басшылық етумен қатар, ғылыми ұғымдарға ана тілінен 
балама тауып беруге көмектесті. 
«Қазақ тіліндегі зерттеулер» деген енбегінде Қ.Жұбанов екінші бір 
үлкен пікір қозғайды. Көркем әдебиетті білмейінше, тілдің заңдылығын, 
табиғатын білу мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Демек, бұл жерде 
ғалым пәнаралық байланысты ескере отыруға меңзейді. Тіл мен әдебиет – 
етене пәндер. Тіл заңдылығын білу көркем әдебиет бітімін, жаратылысын 
тануға қолғабысын тигізсе ғана оқыту өз мақсатына жетпек. Профессор 


400 
Қ.Жұбановтың Абай поэтикасын зерттеу еңбегінің қазақ әдебиетін мектепте 
оқытуға тигізген шарапаты өз алдына бір бөлек. Педагог-ғалымның бұл 
еңбегі қазақ әдебиеттану, абайтану ғылымының іргетасын қаласқан еңбек 
болуымен қатар, әдебиетті оқытудың ғылыми методикасының негізін салуға 
себін тигізген құнды зерттеу еді. 
Профессор Қ.Жұбанов түрі ұлттық, мазмұны социалистік мәдениетіміз, 
соның ішінде халық ағарту ісі тек жоғары дәрежелі оқу орындары мен 
ғылыми-зерттеу мекемелері өркен жайғанда ғана өрге баса алады деп білді. 
«Мұнсыз, әрине, ұлттық мәдениеттің дамуы мүмкін емес», – деп түйді. Ол 
Қазакстанда ғылымның, соның ішінде педагогикалық ғылымның дамуына, 
өркендеуіне, мұғалімдер мен ғылыми кадрлар дайындауға айтарлықтай үлес 
қосты. Оның талантты көптеген шәкірттері қазір халық-ағарту саласында
ғылым жолында еңбек етіп жүр. Педагогика саласындағы ірі ғалым 
Т.Ақшолақов: «Профессор Қ.Жұбанов 36 жасында бізге егде адам сияқты еді. 
Алпыстың асқарынан асқандай көрінетін. Шашы бұп-бурыл: кейін бақсақ сол 
қылаң тартқан әр тал шаш елі үшін тебіренткен, толғанған жүрек, жігер, ой 
көрінісі екен. Мазасыз ізденіс үстінде өткізген әр күн, әр түн іздері екен. 
Байқасақ ол жасымен емес, жасағанымен, жасамағанымен де егде екен. Ол 
білгенімен де, білмекке ұмтылуымен де биік екен», – дейді. Шынында да 
солай. 
Д.Байқадамова 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет