Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


номинация  дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы  бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін  коммуникация



Pdf көрінісі
бет81/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

номинация
 дейміз. Тілдің бұдан басқа тағы 
бір негізгі қызметі – хабар беру. Оның бұл өзгешелігін 
коммуникация 
дейміз
» (71, 99). 
Проф. Қ.Жұбанов «
Атты неге қоямыз?
» деген сұрақ береді де, өз 
сұрағына өзі «
Оны заттардың өздері жоқ жерде сөз қылу үшін қоямыз
», – 
деп жауап қатады және әрі қарай «
нәрсенің, сипаттың бәрі түгел қасымызда 
болса, онда сөзді шығын қылмай-ақ ымдап өте шығар едік, сонымен де 
бірталай хабар берер едік
», – деп сөзін аяқтайды. Бұдан әрі «...
тілде заттың 
ұғымы бар, мәні (сущность) жоқ
» (71, 100) деген тұжырым жасайды. 


142 
Неге атау әр түрлі болып келеді?
Бұған Қ.Жұбанов «Қазақ тілінің 
жоғарғы курсы» («Дәрістері») бойынша арнайы берілген «Функциональная 
семантика» (Атқаратын қызметіне қарап затқа ат тағылады)» деген 
тақырыпта былай жауап берген: «
Құбылыс көп және олар әр түрлі; бір халық 
оның, бір заттың бір сипатын біліп, екінші жағын білмейді; мұның үстіне 
біреуін көп, екіншісін аз біледі. Содан келіп атауда түрлілік, көптік туады
». 
Ғалымның «Зат пен құбылысқа тағылатын аттардың қалай пайда болуы мен 
олардың мағыналарының өршуі» жөніндегі пайымдауларында әлем тілдері 
семантикасына ортақ қасиеттер де сипатталады. 
«
Сөйлеу дегеніміз – белгілі бір заттың, істің сыйпаттың аттарын 
белгілі тәртіппен тізіп, бірімен-бірін байланыстырып барып, солар арқылы 
хабар беру
», – деген тұжырымы әбден дұрыс дегіміз келеді. 
Қ.Жұбанов, сонымен қатар
лексика, семасиология, синтагматика, 
грамматика
т.с.с. бірсыпыра лингвистикалық ұғымдарға дұрыс түсінік 
берген. 
Ғалымның шығармашылық еңбектерінен біз байқаған 
басты 
ерекшелік
сол – ғалым ана тілі мәселесін сөз ету үшін 
әдетте тіл-тілге тән 
әмбебап заңдылықтар қандай – соны алдымен сөз етеді
де, содан кейін оны 
қазақ тілі материалымен ұштастырады. Мысалы, ғалым «Буын жігін қалай 
табуға болады?» деген еңбек жазғанда алдымен «1. Буын жүйесінің маңызы» 
деген мәселені қытай, араб, еврей тілдерін тілге тиек ете отырып, уақыт 
факторымен байланыста алып баяндайды. Содан кейін «2. Біздегі буын 
түрлері», одан әрі «3.Буын жігі қайткенде оңай табылады?» деген тақырыпта 
ой толғап, кеңес береді. 
Жалпы алғанда, ғалым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет