159
етек алған бұл құбылысты ешқандай қараусыз, қадағалаусыз қалдыруға
болмайтынын бірден аңғарған ғалым бұл үдерісті бүкіл аумағымен алып,
оның даму арналары мен көздерін түгел көрсетеді. Әлгіндей көзқарастар мен
таным аласапыранында бұл проблеманы аса біліктілікпен талдап, ол
жөніндегі түсінік қандай болу керек дегенді ол кезде Қ.Жұбанов қана айта
алды.
Ол осы сала бойынша ізденушілердің, пікір қозғайтындардың ғылыми
тұрғыда қандай бағыт ұстануы қажет екенін танытар ой өрбітті. Өйткені
адамның ақыл-пайымына сыйымды іс-әрекеттің алуан саласын айрықша
дамыта түскен жаңа қоғам жұртшылықтың білуге деген құштарлығын
арттырған ғалымдар тарапынан елеусіз қалуы мүмкін емес-тін. Жаңа ұйым,
жаңа түсінік қазақ тілінің сөздік құрамын айрықша қозғалысқа салып, осы
заман іс-әрекетіне лайықты шапшаң қарқын берді. Сан ғасыр сүрленіп,
сандық түбінде жатқан талай қазақ сөзі қайта жаңғырып, жаңа сапаға көшті.
Сөйтіп қоғам дамуындағы заңды құбылыстар нәтижесі ретінде пайда болған
лексикамыздың мүлде жаңа қабаты – термин сөздер табиғатын Қ.Жұбанов
сынды ғалымның түсіндіріп беруі – ғылыми ой-пікірдегі бір адым ілгері
басқандық болатын.
Шынында, әуелі термин дегенді анықтап алмай тұрып, оның ғылыми
мәселелерін қарастыру мүмкін емес қой. Қ.Жұбановтың алдымен анықтама
берудегі көздеген мақсаты осы болатын. Терминнің анықтамасы берілгеннен
кейін, термин жасау жөнінде белгілі дәрежеде жүйе бола бастайды. Неге
десеңіз, терминология технологиясын жолға салып, бақылап, тіпті басқарып
отыруға мүмкіндік туды. Ғалымның аталмыш мақаласының ең басты маңызы
– осында. Мақалада тағы бір құнды пікір термин аудару мәселесіне
байланысты ойлар деп білеміз. Ол
Достарыңызбен бөлісу: