162
тұратын қылу, категорияны түсінуге де атсалысу деген байлам жасайды (78,
190-198). Бұл терминді 1936 жылы жарық көрген оқулығында Қ.Жұбанов бұл
терминді
хабар сазды сөйлем
түрінде алады. Осы қолданыс негізінде қазақ
грамматикасында
хабарлы сөйлем
термині қалыптасты.
Ғалымның әрбір терминді пайдалану барысындағы терең теориялық
білімділігіне, жоғары сезімпаздығына таңданасың. Ол бүгінде түрлі
оқулықтар
мен оқу құралдарында
тұйық етістік, тұйық рай, қимыл есімі
атауларымен беріліп жүрген, әлі күнге өзіндік дербес терминологияға ие бола
алмай келе жатқан етістіктің түрін
тұйықша
терминімен белгілейді
. Есімше,
көсемше, қосымша, сызықша
терминдерінің үлгісімен
жасалған
тұйықша
термині тұйық етістіктің барлық қасиеті мен болмысын өте дәл ашып
көрсетіп
тұр.
Кезінде
орыс
тілі
грамматикасының
үлгісімен
(«неопределенное наклонение») алынған
тұйық рай, тұйық етістік
терминдерінен,
өкінішке орай, қазақ грамматикасы әлі арыла алмай келе
жатыр.
Ғалымның қазақ тілінің синтаксисі саласында да қолдануға ұсынған
бірнеше термин сөздері бар. Ол құрмалас сөйлемді «күрделі сөйлем»
терминімен белгілейді. Синтаксис жүйесін зерттеуде Қ.Жұбанов
дыбыс сазы
терминін қолданады. Біз бұл қолданысты қазіргі
интонация
терминінің
баламасы деп түсінеміз.
Алайда,
ғалым қолданған
саз
сөзі сөйлемнің семантикасын,
функциясын, құрылымын ажырататын терминнің орнына алынып тұр. Демек,
ғалым қолданған
Достарыңызбен бөлісу: