165
сияқтыларды синтаксистің қарамағына береді.
Кіріккен сөздер
–
заңсыз қосар
сөздер, заңды қосынды
дей келіп, қосар сөздерді түрліше терминдермен
төмендегідей жіктейді:
1. Теңдес қосар (
аяқ-табақ, бала-шаға
)
2. Сөздес қосар (
биік-биік, жылы-жылы
)
3. Матаулы қосар (
бетпе-бет, кезбе-кез
)
4. Тіркеулі қосар (
жігіт-мігіт, шай-пай
)
5. Қосақты қосар (
қып-қызыл, сап-сары
).
Ал қазіргі
тілімізде қосар сөздер
қос сөз
терминімен қайта аталып,
жасалу тәсіліне қарай
қайталама
(
биік-биік
) және
қосарлама
қос сөздер
(
қысы-жазы, күні-түні
) болып жіктеген. Автор қосар сөздердің әрбір түріне,
беретін мағынасына сәйкес айырым айдар тағып,
жеке-жеке терминдермен
атаған. Түрлі ғылыми түсініктермен толық дәлелденіп, нақтылыққа ие болған
осы тәріздес терминдерді саралай отырып, кейінгі грамматикаларда бұл
терминдерді басқаша атау қажет деген мақсаттардан туғандығын айта
кеткеніміз абзал.
Ғалымның
кіріккен сөздерге
(қазіргі қазақ тілінде біріккен)
берген
терминдерді және ол сөздердің ерекшелігін толық талдап беруі көкейге
қонымды.
Еңбекқұн, белбеу, қолғап, ашудас
сияқты кіріккен сөздердің жасалу
тарихын, кірігу ерекшелігін жан-жақты көрсете келіп, оларға
жалғасулы
кіріккен
және
қиюлы кіріккен
деген терминдербере отырып жіктейді. Қазіргі
тілімізде
қысқарған сөздер
терминімен аталатын
қиюлы сөздер
сөз жасаудағы
күрделі мәселелердің бірі десе болады. Қ.Жұбанов
қиюлы сөздердің
құрылысынбылайша бөледі:
а)
буын қиюлылар
(Қазатком – Қазақстан аткару комитеті)
ә)
әріп қиюлылар
(ХКС – Халық комиссариатының советі)
в)
аралас қиюлылар
(ҚазПИ – Қазақстан педагогика институты).
Қ.Жұбанов
қиюлы сөздер
құрамында біріккен сөздер де,
қысқарған сөздер де болатындығын ескеріп, барлығын «қиюлы сөз» деген
ұғымның аясына сиғызған. Қосымшалар тарихына талдау жүргізе отырып,
ғалым тілімізде болатын
Достарыңызбен бөлісу: