Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген



Pdf көрінісі
бет97/239
Дата22.01.2023
өлшемі3,08 Mb.
#166059
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   239
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Әліпби деп алаңдап, емле деп елеңдеген 
(Қ.Жұбановтың графика, орфография саласындағы еңбектері жайында) 
 
ХХ ғасырдың басында Қазақ жазуының қалыптасу, даму жолдарының 
көшбасында тілдің жаңа жүйесінің бағыт-бағдарын айқындайтын екі мектеп 
тұрды. 
Оның 
бірі 
– 
А.Байтұрсынұлы, 
Е.Омаров, 
Т.Шонанұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы, Ж.Аймауытұлы, Х.Досмұхамбетұлы ұстанымдары үйлескен 
сингармониялық жазу мектебі, екіншісі – Қ.Жұбанов бастаған қазақ жазуы 
дамуының жаңа кезеңі өкілдерінің (С.Аманжолов, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, 
Н.Сауранбаев) мектебі болды.
Проф. Қ.Жұбановтың «
Оқымыстылар тіл дыбыстарын, сөз 
тұрпаттарын, сөйлем құрылысын бір-біріне қоспай, аулақ ұстайды. 
Өйткені бұлардың өзара қатынасын зерттесе, бұлардың өзі де мәңгілікті 
категория болмай, бір-біріне өтіп, ауысып отырғанын көрер еді, тілдің 
әрбір категориясының да өткіншілігін сипаттаған болар еді
», – (8, 45) деген 
сөзі құрылымдық тіл білімі зерттеулерінен кешенді тіл білімі зерттеу 
әдістеріне ауысып отырған бүгінгі қазақ тіл білімінің жайына келеді. Соған 
қарап, тіл білімінде фонетика, морфология, лексикология, синтаксис 
салаларының екшелініп зерттелінуін, өз зерттеу пәні мен әдістерін, нысанын 
ерте анықтауын, орфография, жазу тарихы сияқты кеш дамыған аралық 
ғылым саласына жете көңіл бөлінбеген себебін парықтауға болады. Өйткені 
жазу тарихы ең арғысы тарих пен ұлт, этнос, дін тарихымен, бергісі 
каллиграфиямен байланысты болса, орфография фонетика, морфология, 
семасиология, синтаксис салаларындағы зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. 
Ғалым құрылымдық тіл білімінің әр саласына қалам тартқанда оны міндетті 
түрде жазу мен практиканың қажеттілігіне байланыстырып отырады.
Қазіргі қазақ графикасы мен әліпбиіндегі әріп-дыбыс қатынасы, емле 
принциптері, кірме сөздердің орфографиясы, кірме сөздерге қосымша 
жалғану қағидалары алдыңғы мектептен өзгеше бағыт алды десек, ол 
негізінен Қ.Жұбанов көзқарастарының өміршеңдігі мен ұсынған пікірлерінің 
қолдау табуына байланысты.


170 
1922 жылы Бакуде іргесі қаланған Жаңа түркі (латын) алфавиті 
комитеті 1924 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы 
Бүкілодақтық жаңа әліп (алфавит) кіндік комитеті (ВЦКНА) болып қайта 
құрылды. Академик Ахмет Жұбанов ағасы жайындағы өз естелігінде «Жаңа 
әліп кіндік комитетінің 1925 жылы Мәскеуде өткен мәжілісіне Құдайберген 
де қатысты», – деп жазады. 
1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологиялық бірінші съездің 
шешімдерін іс жүзіне асыру кешеуілдеңкіреп барып, отызыншы жылдардың 
қарсаңында Қазақстанда да сәтті аяқталды. Қазақ жаңа әліп кіндік 
комитетінің 1928-1929 жылдары республика астанасы Қызылорда қаласында 
болып өткен Ғылыми-орфографиялық конференцияларына Құдайберген 
Жұбанов алғашында Ақтөбе губерниясы мұғалімдері атынан, екінші жолы 
Ленинградтағы Шығыс тілдері институтының өкілі ретінде қатысқан. 
Проф. Қ.Жұбановтың «Жаңа әліпті алу мәселесі туралы» деген 
тақырыптағы баяндамасы «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 291-
нөмірінде жарияланды. Ал 1928 жылдың 9-12 желтоқсаны аралығында өткен 
Қазақстан жаңа әліппешілерінің өлкелік тұңғыш конференциясында сөйлеген 
сөзі 1930 жылы кітапша болып басылып шықты. 
Қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне бел шеше кіріскен 
Қ.Жұбанов осы бағытта өнімді еңбек етті.Ғалым «Қазақ алфавитін 
реформалау жобасына» деген еңбегінде қазақ әліпбиінің кемшіліктерін тап 
басып көрсетіп, оны жоюдың жолдарын ұсынып, тіпті қазақ тілінде шетел 
сөздерін енгізудің қажетті шарттарын да белгілесе, «Қазақ тілінің емлесін 
өзгерту жайлы» атты еңбегінде қазақ тілінің емлесін өзгертуге қойылатын ең 
бірінші және басты талап – оны барынша қалың көпшілікке ұғынықты, 
меңгеруге жеңіл ету деп көрсетеді. Алйада орфографияны жеңіл жасаймыз 
деп, жадағайлатып жіберілгенін, соның нәтижесінде бір сөзді бірнеше 
нұсқада жазуға жол берілгенін сынады. Әсіресе орыс тілінен енген және орыс 
тілі арқылы енген интернационалдық терминдерді жазу барысындағы 
әркелкілікті көрсетеді. Мысалы, 
pәnetijke, revolutsija, qijmija
тәрізді 
терминдердің жазылуындағы ала-құлалықты талдай келе, бұлардың 
себептерін іздестіріп, оларды болдырмау тетігін қарастырады. 
1934 жылы 27 қарашада өткен Мемлекеттік термин комиссиясы мен 
Халық ағарту комиссариатының бағдарлама-методика секторының бірлескен 
мәжілісінде термин жасау және бекіту, оларды жазудың емлесін белгілеуге 
байланысты оқулықтар мен термин сөздіктерін баспадан шығару жайы 
туралы Қ.Жұбановтың хабарламасы тыңдалады. Баяндамашы Қ.Жұбанов 
қазақ тіліндегі сөздік құрамындағы сөздердің шығу тегіне қарамастан, 
оларды жазудың бірізді емлесін ұсынған. Құжаттың түпнұсқа тілімен 
айтқанда былай делінген: «Единая орфография, по мнению докладчика, 
должна в полной мере обеспечить рациональное разрешение вопроса 
орфографии и создать устойчивость ее. 
Такое решение вопроса, по мнению докладчика, должно и может быть в 
результате определения места написания узких не лабиальных гласных 


171 
звуков. Эти звуки, оставаясь в природе, в произношении однако, на 
основании анализа существующей орфографии, совершенно безболезненно 
могли бы быть исключены из написания в закрытых слогах многосложных 
слов. Принимая это правило, мы получаем возможность писать и 
иноязычные международные слова (пример) без излишнего искажения его 
доподлинной формы [ЦГА КазССР, Фонд – 8І, оп. – 3, дело – 679, лл. 1-200]. 
Профессор Қ.Жұбанов жасаған емле ережесінің ішінде мынадай бір 
жайтқа назар аудара кетуге болады: «
Қазақ тілінің дыбыстары әруақытта 
өзінің буын ішіндегі фонетикалық қоршауына сай бірде жуан, бірде жіңішке 
болып естіледі. Бұл заңға көнбейтін үш калька дыбыс бар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет