Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

3
Technical Sciences
“Young Scientist”

#5.2 (109.2)

March 2016
Т Е Х Н И Ч Е С К И Е Н А У К И
«Бұлттық технологиялар» — оқу үдерісін ұйымдастыру барысындағы 
информатика пәнін оқытудың жаңа заманғы ресурсы
Ауезбаева Тальмира Есимхановна, физика-математика ғылымдарының кандидаты
«ТҰРАН» университеті (Алматы, Қазақстан)
Қ
азіргі кезде бұлттық сервистердің қажеттілігі әртүрлі 
есептерді, мәселелерді шешуде күн санап артуда. 
Ғылыми-техникалық басылымдарда «бұлттық қосым-
шалар», «бұлттық сервистер», «бұлттар» терминдері 
қолданысқа кеңінен енген. Алайда, ғылыми және ғылы-
ми-әдістемелік әдебиеттерде бұл терминдер әлі де болса 
сирек кездеседі.
«Бұлттық қосымшалар, сервистер, технологи-
ялар» терминдеріне жан-жақты талдау жасау нәтиже-
сінде оқу ұйымдарында қолдану үшін келесі анықтаманы 
алдық. «Бұлттық технологиялар» негізіне «бұлттық қыз-
меттер» — функциясы жатады, бұл функция қолданушы-
ларға бұлттық технологияларды жеткізушілерден келген. 
Бұл анықтамаға «бұлттық қосымшалар», «бұлттық қыз-
меттер» және «бұлттық мәліметтерді сақтау орындары» 
да енеді [1].
«Бұлттық қызметтер» — бұл функционалды-а-
яқталған қызметтер жиыны, бұлттық технологияларды 
жеткізушілерден алады, жеке өз интерфейсі бар және 
қолданушылардың тоқтаусыз жұмыс жасау барысында өз 
ортасын әрі қарай дамытуға мүмкіндігі бар.
«Бұлттық қосымшалар» — бұл аяқталған бағдарлама, 
бұлттық қызметтерді жеткізушілердің серверлерінде іске 
қосылады, өзінің бағдарламалық ортасында орындалады 
және қолданушыға қол жетімді.
Осы функцияларды атқаратын бұлттық сервистерге 
мысал келтірейік.
1. Файлдарды сақтау және синхрондау. Бұл қы-
змет — Box.net. Бұлттық файлдық сақтау орны — де-
геніміз интернет желісі арқылы қол жетімді және нақты 
бір жабдыққа жатпайтын, бұлттық қызмет көрсететін 
жеткізушінің жабдығында орналасқан ақпаратты сақтау 
орны [2]. Word, excel, power point, музыкалық және видео 
файлдарды сақтауға мүмкіндік береді, оқушылар мен 
әріптестерге қол жетімді. Сонымен қатар файлдарды 
кросс-платформалық синхрондау мүмкіндігі бар.
Осы санаттағы келесі қызмет — dropbox.com. Бұл 
файлдық сақтау орны, интернет желісі қосылған барлық 
жабдықтарда сіздің құжаттарды сақтау және синхрондау 
мүмкіндігін туғызады.
Отандық Яндекс компаниясының қызметі Box.net. 
және dropbox.com қызметтерінің функцияларын атқара 
алады. Ерекшелігі тек бөлінетін сақтау орнында — 10 ги-
габайт.
2. Қойындылар сақтау қызметі — Diigo.com. Бұл 
ресурс қойындыларды сақтауға, топтастыруға, ашуға 
және ескертпелер қосуға, комментарий жазуға және 
топ ұйымдастыруға көмектеседі, қойындыларға топтық, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет