232
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Сурет – 28. Құлақ асты жұмсақ тіндерінен шыққан ісіктің
көрінісі
Жыныс пен зәр шығару ағзасының РМС
Қынап РМС 5 жасқа дейінгі қыздарда кездеседі. Аурудың
ерте
кезінде вульвит, вагинит сияқты белгілер байқалады.
Жиі аурудың бірінші белгісі болып жыныс жолдарының әр
түрлі сипаттағы бөліністері пайда болады. Ісік мөлшерінің
үлкеюіне байланысты зәраққыш жолдарының қысылуынан
(уретра обтурациясынан) зәрдің шығуы қиындайды.
Науқастарды қынап аймағында қышу сезімі мазалайды.
Кейін сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында ауру сезімі
пайда болады.
Қуықтың РМС 5
жасқа дейіні балаларда, әсіресе
ұлдарда жиі кездеседі. Қуықтың
рабдомиосаркомасы өте