Онкологиясы


Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет139/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
Бас пен мойынның РМС
Егер ісік көз шарасы аймағында орналасса, ісіктік 
үрдістің ерте кезінде-ақ сол аймақта ісіну байқалады. Ісіну--
мен бірге экзофтальм пайда болады. Ісік үлкейе келе орбита 
қуысын толтырып, көз алмасына өседі, алғаш баланың көруі 
төмендейді де, кейін мүлдем көру қырағылығы жоғалады.
РМС мұрын-жұтқыншақ аймағында, мұрын қуысында, 
мұрын айналасы қойнауларында (пазуха) орналасса, мұрын 
арқылы тыныс алу бұзылады, шырышты-іріңді бөлініс пай--
да болады. Мұндай науқастардың аузынан жағымсыз иіс 
шығып тұрады. Балаларда ауру сезімі сүйек зақымданғанда 
немесе гаймор қойнауына ісік өскенде пайда болады. Осы 
кезде бас сүйек ішілік қысымының көтерілуі (гипертензия--
сы) байқалады. Мұрын-жұтқыншақ РМС-сы серозды отит--
пен бірге жүруі мүмкін.
Ісік ортаңғы құлақта немесе емізік тәрізді өсінді 
аймағында орналасса, құлақта интенсивті ауру сезімі пайда 
болады. Ісіктің мөлшері үлкеюіне байланысты, есту жолы 
бітеліп, кереңдікке әкеледі. Құлақ артында ісіну пайда бо--
лады, кейде бет нервісінің параличі анықталады. Есту жо--
лынан шырышты-іріңді, жағымсыз иісті бөлініс пайда бо--
лады.
Ісік тілде, ауыз, жұтқыншақта, кеңірдекте орналас--
са жұтынудың бұзылыстары пайда болады. Ол тағам 
қабылдауды қиындатады және тыныс алу функциясының 
бұзылыстарына әкеледі. Осы аймақтың қанмен жоғары 
қамтамасыз етуілуімен байланысты, метастаздар ерте пайда 
болады.


232
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Сурет – 28. Құлақ асты жұмсақ тіндерінен шыққан ісіктің 
көрінісі
Жыныс пен зәр шығару ағзасының РМС
Қынап РМС 5 жасқа дейінгі қыздарда кездеседі. Аурудың 
ерте кезінде вульвит, вагинит сияқты белгілер байқалады. 
Жиі аурудың бірінші белгісі болып жыныс жолдарының әр 
түрлі сипаттағы бөліністері пайда болады. Ісік мөлшерінің 
үлкеюіне байланысты зәраққыш жолдарының қысылуынан 
(уретра обтурациясынан) зәрдің шығуы қиындайды. 
Науқастарды қынап аймағында қышу сезімі мазалайды. 
Кейін сыртқы жыныс мүшелерінің аймағында ауру сезімі 
пайда болады.
Қуықтың РМС 5 жасқа дейіні балаларда, әсіресе 
ұлдарда жиі кездеседі. Қуықтың рабдомиосаркомасы өте 


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет