БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ артындағы ісіктер үлкен көлемді болса, төменгі қуыс
венасын қысады. Соның әсерінен құрсақтың алдыңғы
қабырғасындағы венозды қан тамырларында шоғырланып
көріну, торлану анық көрінеді. Ал егер ісік кеуде қуысында
анықталса, көкірек аралық ағзалардың қысылуынан
сыртқы дем-алу, тыныс алу қызметі бұзылады. Зәр шығару
жолдарының компрессиясында дизуретикалық көріністер,
азотемия көрінеді. Жылдам өсетін біріншілік немесе мета--
стаз берген ісік, айналасындағы мүшелер мен тіндерге жай--
ылып, жергілікті белгілерді тудырады, кейде ауыр-қауіпті
асқынуларға әкеледі. Мысалыға: ісіктің жарылуы – перито--
нитпен, қан кетумен көрінеді.
Ісіктік симптомокомплекстің балалардағы негізгі белгі--
лері: баланың тәбеттінің және дене салмағының төмендеуі,
адинамияға әкеледі. Балаларда бұл белгілер өте жылдам
дамиды, әсіресе қатерлі үрдістің ерте кезеңінде. Гиподи--
намия синдромы тек қана эмоционалды сфераны қамтып
қоймай, бұлшық ет жүйесін де зақымдайды, ол бұлшық ет
күшін және қозғалу активтілігін жоғалтумен және бұлшық
ет салмағының төмендеуімен көрінеді. Бұлшық ет жалпы
адаптациялық реакциялардың ішінде бірінші болып катабо--
лизмге ұшырайды. Бұл үрдіс ми, бауыр, бүйрек, миокард,
сүйек кемігі және басқа мүшелердің функционалдық және
морфологиялық гомеостазын сақтау мақсатында ағза аралық
алмасуды амин қышқылдарын пайдалану арқылы жүреді.
Тәбеттің төмендеуі – жоғарыда айтқанымыздай, өте
ерте басталып, айқын көрінеді. Бұл бала организмін энерги--
ямен қамту сұраныстарына сәйкес келмейді. Әдебиеттерде
берілген мәліметтер бойынша, метаболизм үрдісі кезінде
ісік жасушаларынан бөлінетін қосылыстар гипоталамустағы
«тәбет орталығын» тежеу арқылы әсер етіп, гипорексия мен
анорексия шақырады. Міне, сондықтан науқастарда ерте--
ден тәбеттің төмендеуі байқалады, оған жас баланың өзінің