БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ Ісік ауру сезімінсіз, басында ешқандай күрделі
өзгерістерге әкелмейді. Ал, өсе бастағанда немесе аяқ-
қолдың дистальды бөлігінде орналасса, ауру сезімі пай--
да болады. Ісік өскен сайын ауру сезімі жоғарылай беред,і
себебі ісіктің көлемінің ұлғаюымен нерв тіндері қысыла
бастайтығындығынан.
Ісітің жанындағы сүйекке немесе
буын қапшығына ене өсуі, жергілікті тұрақты ауру сезімі
пайда болуына әкеледі. Ісік шыққан жердегі тері бетінің тем--
пературасы аздап жоғарылағанын байқаймыз, оны кеуде не--
месе аяқ-қолдың симметриялы аймақтарын салыстырмалы
сипалау кезінде де анықтауға болады.
РМС- ісік түйіндерінің
консистенциясы тығыз немесе полиэластикалы, кейде ыды--
рау-шіру аймақтарында флюктуация ошақтары да болады.
Біздің бөлімге 1998ж Көкшетау өңірінен 7 жастағы
Ира есімді қыз баласы қаралды. Оның оң жақ аяғының
табанынан, оның ортаңғы бөлігінен (предплюсневой части
между II-III фаланги пальцев) Д-5,0 см өсінді ісініп-томпай--
ып білініп тұрды. Ешқандай ауру сезімі болған жоқ. Ата-
анасының айтуынша оны байқағандарына 12-13 ай болған,
бірақ соңғы 3-4 айда өсінді 2-3 есе үлкейген. Ира жүрген
кезде аяғын дұрыс баса алмайтындығына, яғни табанындағы
ісіктің кесірін тигізетіндігіне шағымданды.
Рентген суретінде аяқ сүйектері зақымданбаған. Екі
мәрте жасалынған пункционды биопсияның (цитологияның)
қорытындысында – қатерлі ісік жасушалары жоқ, делінді.
Ираға операция жасап ісікті алдық. Операция кезінде ісіктің
– майда, моншақ тәріздес сары шариктерден тұрғандығы, өте
жұқа қабықпен қапталғаны байқалды. Қабығы зақымдалған
кезде, жаңағы шариктер шашылып, сонымен қатар, олардың
саусақ араларына өтіп, жайылып кеткендігі байқалды.
Сондықтан, оларды бір-бірлеп жинауға тура келді. Операци--
ядан кейінгі гистологиялық зерттеу қорытындысы – РМС-ң
альвеолярлы түрі екенін дәлелдеді. Ира 2 жыл бойы емделіп,
толық кешенді ем түрін алғанннан кейін, айығып шықты.