223
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері
ісіктердің бірі. Оны алғаш Stout (1946) жазып, ал Horn пен
Enterline (1958) оның негізгі гистологиялық - 4 түрін ажыра--
тып, дәлелдеп берді.
Балалар онкологиясы ҒЗИ-ң және Н.Н. Блохин атындағы
гематология ғылыми орталығының мәліметтері бойынша
РМС – балалардағы жұмсақ тіндер саркомасы ішінде 38 %-н
құрайды, қатерлі қан тамырының ісіктері (ангиосаркомалар)
– 22 % жуық және синовиалды саркома 19 % кездеседі. Ал,
жұмсақ тіндерінен шығатын басқа ісік түрлері – лейомио--
саркома, фибросаркома, липосаркомалар сирек кездеседі.
Рабдомиосаркома көлденең
- жолақты бұлшық еттің
немесе бұлшық ет тінінің эмбрионалды даму кезіндегі
өзгерістерінен (эмбрионалды мезенхимадан) пайда болады.
Оның цитоплазмасы – миофибрилдермен қатар, жасушалық
дамудың әр түрлі дәрежесіндегі миобласттардан тұрады.
Ю.Б. Вахтин және И.Н. Швемберг ісіктің осы түрін терең
зерттеген. Осы авторлардың айтуы бойынша РМС дамуының
негізгі 3 теориясы бар, олар - әр түрлі цитодифференцировка
дәрежесіндегі миогенді типті жасушалармен бірге дәнекерлі
тіндік белоктары және эмбрионалды мезенхима жасушала--
рына ұқсас морфологиялық түрлерді анықтайды.
РМС-ң дизонтогенетикалық даму теориясына сәйкес,
қаңқа бұлшық еттері ісіктерінің аралас түрі – плюропотент--
тілігін сақтаған эмбрионалды қалдықтардың малигнизация--
сына тәуелді. Бұл теория ісіктің эмбрионалды қалдықтардан
және дистопиядан дамитыны
туралы Конгеймнің жалпы--
лама түсінігімен негізделеді. Бірақ қазіргі таңда көптеген
эксперименттік дәлелдемелер көрсетіп отырғандай, ісіктің
дезонтогенетикалық дамуы туралы теориясы, негізгі болып
саналмайды.
Қаңқа бұлшық еттеріндегі РМС – бұлшық ет тінінің
жасушалық
элементтерінен дамиды, олар – миобластар,
дәнекер тін жасушалары және қан тамырларының адвенти--