Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет131/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
15. De Kraker J., Lemerle J., Voute P.A., et al for 
the Іnternatіonal Socіety of Pedіatrіc Oncology 
Nephroblastoma Trіal and Study Commіtte Wіlms tumor 
wіth pulmonary metastases atdіagnosіs: the sіgnіfіcance of 
prіmary chemoterapy. J. Clіn. Oncol. 1990; 8: 1187-1190.
16. Haas J.E., Palmer N.F., Weіnbtrg A.G., Ultrastructure of 
malіgnant rhabdoіd tumor of the kіdney: a dіstіnctіve renal 
tumor of chіldren. Hum Pathol 1981;12:646-657.
17. Weeks D.A., Beskwіth J.B., Luckey D.W. Relapse 
assocіated varіables іn stage favorable hіstology Wіlms 
tumor a report of the NWTS. Cancer 1989; 60: 1202-1204.
18. Brodeur G., Castleberry R. Neuroblastoma Іn: Rіzzo P., 
Poplack D., Prіncіples and practіce of Pedіatrіc Oncology, 
2nd ed. Phіladelphіa: J.B. Lіppіncot, 1993; 739-767.
19. Gale G., D.Angіo G., Urі A., et al. Cancer іn neonates: the 
experіense at the Cіldrens Hospіtal of Phіladelphіa. PA.. 
Pedіatr 1982; 70: 409-413.
20. Wallase S.. Carrasco C.H. // Cancer Medіcіne. -3-d Ed.-
Vol.1./ Eds J.F. Hollan et al. – Phіladelphіa; London.- 
1993.


219
6 – ТАРАУ
ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРЛІ 
ІСІКТЕРІ
6.1 Рабдомиосаркома
6.1.1 Эпидемиологиясы
6.1.2 Патоморфологиясы
6.1.3 Клиникалық көріністері
6.1.4 Анықтау әдістері
6.1.5 Емдеу тәсілдері
6.1.6 Болжамы
6.2 Ангиосаркома
6.3 Синовиалды саркома
6.4 фибросаркома
6.5 Липосаркома
6.6 Тест сұрақтары
6.7 Қолданылған әдебиеттер


220
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
Жұмсақ тіндердің қатерлі ісіктері – балалар арасында 
жиі кездеседі. Олар барлық балалар қатерлі ісіктерінің ішін--
де – лейкоз, ОНЖ ісіктері, құрсақ арты аймағындағы ісіктер 
мен сүйек ісіктерінен кейін 4-5-ші орындарды иемденіп, 4 – 8 
%-ды құрайды. Ал, жаңа туған және 1 жасқа дейінгі сәбилер 
арасында жұмсақ тін ісіктері – 12 %-ға дейін, яғни бұл жас 
аралығында өте жиірек кездеседі. Жылына дүние жүзілік 
канцер – регистр мәліметі бойынша: 1 млн балаға шаққанда 
– 4,4 ақ нәсілді, 1,3 - қара нәсілді балалар ауруға шалдығады 
екен. Ұл балалар (1,4:1), қыз балаларына қарағанда жиірек 
ауырады. Ісіктің 70 % -ға жуығы 10 жасқа дейінгі, оның 
ішінде ең көп кездесетін уақыты 2–5 жас аралығында.
Жұмсақ тіндер ісіктері – клиникалық белгілерінің 
аздығымен, көпке дейін білінбей өсуімен ерекшелінеді. 
Дәрігерге, негізінен ата-аналары – балаларында қатты-тығыз 
өсіндіні сипап, байқағандықтарын, оның өзінде көп уақыт 
болғанынын, халық арасындағы ем-домның бәрін қолданып 
бітіргенінен кейін барып қаралады. Ал, ісік үстінің жарала--
нып, қызарып, қабынып-ісінуі, ауру сезімінің пайда болуы 
(ісіктің нерв талшықтарына өсуінен немесе қысуынан) т.б 
белгілері кейінірек туындайтындықтан, алғашқыда ісіктің 
қатерлі немесе қатерсіз екенін білу де өте қиын. Сондықтан, 
жұмсақ тіндер ісіктерінің гистологиялық құрылыстарын
түрлерін білмей жатып, оларды ажырату әрі оны дұрыс ем--
деу өте қиын мәселе.
Жұмсақ тіндер қатерлі ісіктерінің қазіргі кездегі 
гистологиялық жіктелулерінің бір-бірінен ерекшеленуі 
«жұмсақ тін» түсінігіне қандай тіндер кіретіндігі туралы 
ортақ ұғымның жоқ болуы. Соған қарамай, оларға – бас, 
мойын, кеуде, аяқ-қол және т.б қаңқа сүйектері мен тері ара--


221


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет