Сүйектің қатерлі ісіктері
көмегі болмайды. Мұндай кезде, ауру түрін анықтаудағы
шешуші рөл- биопсияға беріледі. Оның ішінде – трепа--
нобиопсия. Зақымданған жерден алынған “жасушаларға”
патоморфологиялық (гистологиялық және цитологиялық)
зерттеу жасаймыз. Ал, одан анықталмаса онда “ашық биоп--
сия” жасау арқылы толық диагнозға шығамыз.
Емдеу тәсілдері
Соңғы уақытта ғана пайда болған, ісікке қарсы
қолданылатын дәрілер мен дұрыс үйлестірілген химио--
терапия схемасына дейін, 5-10 жыл арасында осы ісікке
шалдыққан 90% науқастар шетінейтін болған. Ал қазір,
үйлестірілген кешенді емнің дұрыс ұйымдастырылғанына
байланысты және өте күшті химиотерапияның арқасында
біріншілік ісік ошағы 80-95% жазылып, ал науқастың – 5
жылдық өмір сүру ұзақтығы 60-70% көтерілді (Evans R.G.,
Nesbіt M.E., Gehan E.A., et al 1991).
Хирургиялық емдеу әдісі
– өз алдына бұл ісіктерде си--
рек қолданылып келді. Бірақ, қазіргі кезде операциясыз
жасалынған емнің нәтижесі, толық кешенді емге қарағанда
төмен болғандықтан, хирургиялық емге деген көзқарас
өзгерді.
Хирургиялық емді – науқас алғаш мамандандырылған
бөлімшеге түскен уақытында, оның хәліне, ісіктің өсу
дәрежесі мен оның көлеміне және т.б белгілеріне қарай әр
науқасқа жекелей шешеді. Яғни, егер ісіктің шыққан жері
мен онығң көлемі операция амалына ыңғайлы жағдайда бол--
са, ісікті толық алуға мүмкіншілік болса, онда ғана І-этаппен
операцияны жасап, ісікті толық жанындағы зақымданбаған
тінімен қоса бірге алу қажет. Яғни, онкологиядағы негізгі
қағида «абластиканы» сақтай отырып, ісікті шыққан тіні--
мен (сүйек, жұмсақ тіндерімен т.б) қоса, сүйегін ампутация
жасап, бұлшық етін фасциялды-футлярлы блогымен алу ке--
рек.
298
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Сурет – 37. а) Сол жақ өкпедегі ЮС-ң метастаз ошағы
б) Кешенді емнен кейін метастаз ошағы жоқ
Болмаса, операцияны – негізінен, үйлестіріліп беріл--
ген (химиотерапия мен сәуле) емінен кейін, біріншілік ісік
ошағы кішірейіп, жанындағы ағзалары босағаннан кейін
барып жасаған дұрыс. Операциядан кейін, алынған ісіктің
патоморфозын анықтау қажет.
Неміс ғалымдарының ұйымдасқан зерттеу (CESS)
қорытындысы бойынша, неоадьювантты химиотерапия
және сәуле емінен кейін жасалынған операциядан, жергі--
299
Достарыңызбен бөлісу: |