Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет66/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
лендіруде салыстырмалы түрде жоғары энергиялы гамма 
сәулеленуінен (1,27МэВ) орбитаның сүйек қабырғасын 
қорғау мүмкін емес, бірақ бұл кезде қолайлы дозалық аумақ 
түзіліп және жартылай ыдырауы ұзақ жүретіндіктен (2-3 
жыл) аппликаторды бірнеше рет (көп уақыт) қолдануға бо--
лады. 
Радиоактивтілік көзі ретіндегі жұмсақ α - сәулелі 125 J 
немесе β
 
- сәулелі 106 Ru жан-жағындағы қоршаған тіндер--
ді жоғары сәулелі жүктемемен сақтайды, бірақ жартылай 
ыдырау кезеңі қысқа болғандықтан қайта-қайта жаңалап от--
ыруды қажет етеді. 
Көз қиығына сай аппликаторды таңдау үшін, әрқашан 
да ішкі радиусы бар, әртүрлі мөлшерлі аппликаторлар бо--
луы керек.
Жалпы анестезиямен операцияны конъюктиваны ашу--
мен, көздің бұрылуы мен тіке бұлшық ет босаңсытумен ба--
стайды. Көз алмасын қарашық арқылы жарықтандырады. 
Нәтижесінде көлеңке болып тұрған ісік склера бетіне 
көрініп, соған сәйкес активті емес пластинкамен аппликатор 
таңдалынады, оны ісіктің үстіне қатырып (фиксациялайды), 
ал активтілігі жоқ пластинаны қалыпты жағдайға әкеледі.
Ісікке керекті сәуле мөлшерін 40-50 Гр енгізгеннен 
кейін, бұл процедураны, аппликаторды алып тастау үшін 
қайталайды. Ісіктің радиоактивті препаратпен жаңасқан 
бетінде доза 300 Гр дейін жетіп, тамырлар окклюзиясына 
әкеледі, сондықтан аппликаторды оптикалық диск немесе 
макулаға жақын қолдануға болмайтынын естен шығармау 
керек.
Дистанционды сәуле емін келесі клиникалық жағдайда 
қолданған жөн:
1. Диаметрі 10 мм-ден асқан ісікке;
2. Диаметрі 10 мм-ден аспайтын бірнеше ісік ошақтары 
бар, бірақ рациональды дозалық аумақ құра 


107
Көздің қатерлі ісігі
алмағандықтан, жанаспалы сәулелендіруді қолдану 
мүмкін емес жағдайда;
3. Торлы қабықтың сылынуы, шыны тәрізді денеге ісіктің 
таралуына және егер ісік оптикалық диск пен макула--
дан 3 мм қашықтықта орналасса.
фотокоагуляция 
Фотокоагуляция кезінде сәуле шоғыры аргонды ла--
зерден немесе ксенонды фотокоагулятордан алынады. Ол 
арқылы ісіктің мөлшерін кішірейтіп қана қоймай, оған 
келетін қан тамырын толық жоюға қол жеткізіледі, егер 
ісік экватор артында орналасса да. Фотокоагуляция негізі--
нен, ісік көру дискісі мен макуланы зақымдамаған болса, 
нәтижесі жақсы. Ал, егер ісік шыны тәріздес денеге жайы--
лып, орталық шұңқыр мен көру дискісінің қан тамырлары 
зақымданса, онда фотокоагуляция жасалынбайды.
Криотерапия
Криотерапия суықпен емдеу, яғни ісікті мұздатып 
өлтіру тәсілі. Ол үшін офтальмаскоп арқылы кішкентай 
зонд-түтікшені конъюнктиваға немесе склераға тіреп, 
кіргізіп қояды. Криотерапияның негізі – ісікті үш мәрте 
мұздатып, одан кейін қайта еріту керек. Ісік түтікше арқылы 
көтеріліп, мұздатылады, яғни торша қабықтың бәрі аппақ 
мұзға айналғанға дейін. Одан кейін, 10-15 секунд ішінде 
мұз ерітіліп, қайта мұздатылады. Осылайша сеанс үш рет 
қайталанады. Егер, осыдан кейін де ісіктің өсуі байқалса
3-4 апта ішінде криотерапия қайта жасалынады.
Криотерапияны қолдану көрсеткішіне:
біріншілік кішкентай аймақтық ісік ошағына; 
сәуле емінен кейінгі қалып қойған ісік ошағы немесе 
қайта шыққан ісік ошағына беріледі;
ісік мөлшері 4 көз жүйкесі дискісінен кішілеу болса.





108


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет