105
Көздің қатерлі ісігі
Сурет – 10. Энулеациядан кейінгі көрініс.
Cәулe терапиясы
Ретинобластома – жоғары радиосезімтал ісік, ал торлы
қабық радиорезистентті.
Алғашқы рет 1903 ж ретинобластоманы рентген
сәулелерімен емдеп,
жақсы нәтижеге жеткендіктен, сәуле
терапиясы ретинобластоманы емдеуде қолданыла бастады.
1931ж осы мақсатта радоны бар капсула түрінде радиоак--
тивті аппликатор қолданылады (Faster, Moore, 1931). Ары
қарай жанаспалы сәулелі ем жетіле берді. Бұл әдіс бүгінгі
күні де бір, немесе екі түйінді - мөлшері кіші (10 мл аспай--
тын) ісіктерде қолданып жүр.
Аппликаторды дайындауда сәуленің көзі ретінде
радиоактивті кобальт (60 Со), йод (125 J), рутений (106
Ru) қолданылуда. Радиоактивті
кобальтты қолданудың
артықшылығы мен кемшілігі бар. Оны жанаспалы сәуле-