123
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
Сурет - 11. Аралас жасушалы Ходжкин лимфомасы
Түйінді склероз
түрінде коллаген талшықтары көбірек
кездесіп, лимфа түйіндерін түйіншіктерге бөледі. Лимфо--
циттер саны ақырындап азайып, ал БШ жасушалары бара-
бара көбейе түседі.
Ісік барлық жас аралығында,
әсіресе жиірек жеткін--
шектерде, көк еттің жоғарғы бөлігіндегі лимфа түйіндерін
зақымдаумен көрінеді. Мұнда, БШ жасушаларының ерекше
қазаншалық (лакунарные) түрлерін көруге болады.
Аралас жасушалы
түрінде лимфойдты жасушалар мен
БШ жасушалар мөлшері бірдей болады. Ісіктің бұл түрі –
жас балаларда жиірек кездеседі.
Лимфойдты жасушаларының кеміген
түрі, негізі--
нен ісіктің басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі, кеш
анықталып, ауру болжамының нашарлығымен ерекшеліне--
ді. Ісіктің бұл түрінде лимфоциттер саны өте азайып, БШ
жасушалары көбірек байқалады.