БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
стаз беру арқылы басқа лимфо-ретикулярлы тіндер мен
ағзаларды қамтуы мүмкін. Ісікке лимфа түйіндерінен басқа
– өкпе, бауыр, сүйек пен сүйек кемігі де шалдығады.
Патоморфологиясы
ХЛ-сының морфологиялық көрінісі бірнеше жасушалар
құрамынан тұрады. Қалыпты жағдайда жасушалардың 75-
80% лимфоциттер, 15-20%-ын ретикулярлық жасушалар, ал
5-10%-ын плазмалық жасушалар, макрофагтар, гранулоцит--
тер, моноциттер т.б. құрайды. Ісіктің гистологиялық көрінісін
алғаш Москва университетінің хирургы С.Я Березовский
(1890), одан кейін Веналық патологоанатом Штернберг К
(1898) және толығырақ американдық дәрігер Риид Д (1902)
тексеріп, онда 1-2 ядросы бар атипті «алып» жасушалардың
кездесетінін дәлелдеді. Сондықтан, диагностикалық және
патогномды ХЛ-ң жасушасына Березовский-Штернберг, ал
шет ел әдебиеттерінде көбіне Риид – Штернберг жасуша--
сы деген атпен белгілі, яғни алып – ірі, дөңгелек ядролы,
немесе дұрыс емес формалы, кейде көп ядролы да болып
келетін, ортасында эозинофилдері мен шетінде базофилді
протоплазмасы бар атипті жасушаны айтамыз.
«Lucac
′
a» патоморфологиялық жіктелуі бойынша
Ходжкин лимфомасы 4 түрге бөлінеді:
1. Лимфоциттердің шоғырланған, көбейген түрі
2. Түйінді склероз
3. Аралас жасушалы түрі
4. Лимфойдты жасушалардың азайған түріі
Лимфоциттердің көбейген
түрінде – лимфоциттер мен
гистиоциттер саны жиірек ал, Березовский-Штернберг (БШ)
жасушалары сирегірек кездеседі. Бұл баяу басталып, негізі--
нен бір аймақтық лимфа түйіндерін зақымдайтын, көбіне 10
жасқа дейінгі ұлдарда кездесетін ісіктің түрі.
123
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
Сурет - 11. Аралас жасушалы Ходжкин лимфомасы
Түйінді склероз
түрінде коллаген талшықтары көбірек
кездесіп, лимфа түйіндерін түйіншіктерге бөледі. Лимфо--
циттер саны ақырындап азайып, ал БШ жасушалары бара-
бара көбейе түседі.
Ісік барлық жас аралығында, әсіресе жиірек жеткін--
шектерде, көк еттің жоғарғы бөлігіндегі лимфа түйіндерін
зақымдаумен көрінеді. Мұнда, БШ жасушаларының ерекше
қазаншалық (лакунарные) түрлерін көруге болады.
Аралас жасушалы
түрінде лимфойдты жасушалар мен
БШ жасушалар мөлшері бірдей болады. Ісіктің бұл түрі –
жас балаларда жиірек кездеседі.
Лимфойдты жасушаларының кеміген
түрі, негізі--
нен ісіктің басқа түрлеріне қарағанда сирек кездеседі, кеш
анықталып, ауру болжамының нашарлығымен ерекшеліне--
ді. Ісіктің бұл түрінде лимфоциттер саны өте азайып, БШ
жасушалары көбірек байқалады.
124
Достарыңызбен бөлісу: |