120
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
ХОДЖКИН ЛИМфОМАСЫ
(Лимфогранулематоз)
Лимфа түйіндерін және
лимфоретикулярлық тіндері
бар ағзаларды жүйелі түрде зақымдаумен көрінетін қатерлі
ісік. Жиілігі жағынан гемабластоздардан кейін, 100 мың
балаға шаққанда 0,5 – 3,1 дейін кездесетін, ал барлық бала--
лар қатерлі ісіктері ішінде 5-7% құрайтын ісіктің бірі.
Бұл ісікті 1832 жылы, 7 науқастан дене қызуының
көтерілуімен қатар лимфотүйіндерінің ісінуін; талақтың
ұлғаюын; науқастардың
қатты азуын байқаған, олардың
жалпы хәлдерінің күннен-күнге нашарлап барып, соңы
өмірлерімен қоштасуына соқтырған қатерлі дертті –
ағылшын патолог-анатом-дәрігері Томас Ходжкин алғаш
рет зерттеп клиникалық белгілеріне
сипаттама бергеннен
кейін, 1856 жылы S. Wilks – бұл ісіктің түрін « Ходжкин
лимфомасы» (ХЛ) – деп атады. Бұл – дерт осы атаумен Аме--
рика және батыс Европаның әдебиеттерінде көп жазылған,
әрі қолданыста. Сонымен қатар, қазіргі кезде, дүние жүзілік
аурулар реестріне де «Ходжкин лимфомасы», – деп енген.
Ал, 1904 жылы VII – неміс патологоанатомдар съе--
зінде Австриялық ғалым Штернбергтің –«Лимфограну--
ломатоз» (ЛГМ) – деп атауынан,
неміс пен орыс ғылыми
әдебиеттерінде әлі күнге дейін, бұл ісіктің – осы екі атауы
қатар қолданылуда.
Эпидемиологиясы
2005 жылғы санақ бойынша ХЛ көрсеткіші 100 мың
балаға шаққанда Қазақстанда -1,6 (ал Ресейде – 1,9) балада
кездесті. Барлық балалар ісіктерінің ішінде 5–7% дейін, ал
гемобластоздар арасында лейкоз бен ходжкиндік емес лим--
фомадан кейін үшінші орында тұрған ісіктің бірі. Негізі--