1.10.20 Әділбаева Тоғжан
Тақырыбы:Пневмосклероз, өкпе-текті жүрек. Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.
Тапсырма
- Пневмосклероздың анықтамасы қандай?
Өкпеде дәнекер тканінің өрбіп өсуі пневмосклероз деп аталады. Пневмосклероз жайылма және шектелген болады.
- Пневмосклероздың этиологиясы қандай?
Этиологиясы: Пневмосклероз екінші реттегі ауру, басқаша айтқанда басқа бір аурулардан кейін пайда болады. Оның себебі болатын аурулар:
Созылмалы бронхит;
Жедел және созылмалы пневмония;
Өкпе туберкулезі;
Пневмокониоздар;
Дәнекер тканінің жайылма аурулары;
Сәуле ауруы т.б.
Бұл ауруларды өкпе ткані дәнекер тканімен алмасып, процесс қайтымсыз күйге енеді.
- Пневмосклероздың клиникалық белгілері қандай
Клиникасы. Пневмосклерозға тән шағым жоқ. Ең жиі кездесетін шағымдар: жөтел, кілегейлі, кілегейлі-іріңді қақырық түкіру және демікпе.
Демікпенің пайда болуы механизмі әр түрлі. Оған өкпе тканінің тыныс алуға қатысатын бетінің азаюы, жүрек әлсіздігінің бой көрсетуі не бронх өзегі өткізгіштігінің бұзылуы жатады.
- Пневмосклероздың диагностикасы қандай?
Қарау: Екі жақты пневмосклерозда кеуде сарайының түрі семген болады. Сыңаржақты пневмосклерозда кеуденің семуі де біржақты болады. Біржақты пневмосклерозда ауру жақ тыныс алуда қалыңқы көрінеді.
Пальпация. Пневмосклероз үстінде дауыс дірілі күшейген (өкпенің тығыздалуы).
Перкуссия. Өкпе дыбысының бәсеңдеуі (өкпеде ауаның азаюы), өкпе шектерінің тарылуы (өкпенің семуі) және өкпенің төменгі шеті экскурсиясының азаюы (өкпе тканінің жазылу қасиетінің төмендеуі) анықталады.
Аускультация. Везикула тынысының әлсіреуі өкпе тканінің жазылуының (керілуінің) нашарлауына байланысты туады. Ылғалды сырыл болуы мүмкін.
Рентгенологиялық тексергенде дәнекер тканінің өрбіп өсуіне байланысты өкпенің рентгендік суреті деформацияланады.
- Пневмосклероздың емі қандай?
Пневмосклероздың жеке – дара емі жоқ, негізгі ем-себеп ауруларды емдеу.
- Пневмосклероздың алдын алу шаралары қандай?
Өкпе фиброзының алдын-алу шаралары тыныс алу ауруының алдын алуды қамтиды, суықтың уақытында емделуі, инфекциялардың, бронхит, пневмония, өкпе туберкулезі. Пневмоксиді заттармен өзара әрекеттесу кезінде де қамқорлық қажет, пневмоксидтік препараттарды қабылдау. Қауіпті салаларда, газдар мен шаңның деммен жұтуымен байланысты, респираторлар қолданылуы керек, шахтадағы және шыны кескіштердегі жұмыс орнында вентиляцияны орнату, тегістегіштер және доктор. Қызметкерде пневмосклероз белгілері болса, басқа жұмыс орнына көшу қажет, пневмоксиді заттармен байланыста емес. Пневмосклерозбен темекі шегудің тоқтатылуымен науқастардың жағдайын жақсарту, температура, жеңіл жаттығу.
Достарыңызбен бөлісу: |