Онкологиясы


Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет74/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
нен, ісік 1 жасқа дейінгі сәбилерде кездеспейді. Ал, кездесу 
жиілігі жағынан балаларда екі шыңмен көрінеді. Біріншісі 
4-7 жас, ал екіншісі 11-14 жас аралығындағы балаларда. 
Оның ішінде – 7 жасқа дейін ұл балалар - қыз балаларына 
қарағанда үш есе көп ауырады да, 15 –16 жас аралығында 
бұл көрсеткіш теңеледі. 
ХЛ-ң пайда болу себептері әлі күнге дейін толық 
анықталған жоқ. Қазіргі кезде, ісіктің дамуына Эпштейн–
Барр вирусының, жұқпалы мононуклеоз ауруларының жа--
нама септіктері тиетіндігі анықталған. Туа біткен иммундық 
жүйенің жетіспеушілік синдромымен сырқаттанатын бала--
лар арасында ХЛ-сы 2-3 есе жиі кездеседі. Олардың лим--
фа бездерінде көбінесе реактивтік гиперплазия байқалады. 
Егер осындай реактивтік гиперплазиясы бар адамдарға 
вирустық антигендер үнемі әсер ететін болса, иммундық 
жетіспеушілік одан әрі ұлғаяды да, осының салдарынан 
лимфоретикулярлық тіндердегі мононуклеарлық фагоцит--
тер байырғы қалпынан ауытқып, олардан атипиялық Бере--
зовский–Штернберг жасушалары пайда болуы мүмкін де--
ген жорамал бар. 
Науқастардың жастарына қарай, ісіктің клиникалық 
ағымының өзгеретіндігін байқауға болады. Мысалы, 6 
жасқа дейінгі балаларда көкірекаралық (средостения) лим--
фа түйіндерінің ісікпен біріншілік зақымдануы өте сирек 
кездеседі. Ол тек ісіктің жайылып-таралуынан (генерализа--
ция), немесе баланың жыныстық жетілген кезінде ғана (18-
25% жуық көкірекаралық лимфа түйіндерінің біріншілік 
зақымдануы) байқалады. Мұндай ісіктер жиі қайталанғыш 
(рецидив бергіш) болып келеді. Негізінен ісіктің 80% мой--
ын және бұғана үсті аймағының лимфа түйіндерінен ба--
сталады. Алғашында, тек бір лимфа түйінінен басталған 
(уницентрично) ісік өсе келе жанындағы лимфа түйіндерін 
зақымдап, ісік конгломератын құрайды да одан әрі, мета--


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет