Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет82/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
2. Туберкулездік лимфаденит
– баяу басталып, со--
зылмалы жалпы улану белгілерімен сипатталады. Жал--
пы әлсіздік, субфебрилді дене қызуының көтерілуі, түнгі 
тершеңдік, құрғақ немесе шырыш аралас қақырықты 
жөтел т.б-лар. Туберкулезге шалдыққан лимфа түйіндерін 
сипағанда: ауру сезімінің барлығы, түйіндердің біркелкі бо--
луы және теріге, айналасындағы тіндерге жабыса өсуі, теже--
улене қозғалуы, түйіндердің сырт беткейі қатты, ал ортасы 
жұмсақтау болуы, кейде сол жерлері тесіліп, одан көгілдір 
түсті ірің аралас сүзбе тәрізді казеоздық заттар бөлінеді. 
Лимфа түйіндеріне пункция-лық биопсия жасағанда, олар--
дан Пирогов-Ланганс жасушалары табылып, Манту сына--
масы оң болады. Мұндай науқастардың жанұясында немесе 
айналасында жүргендерде туберкулез ауруы болуы мүмкін. 
Сондықтан өкпесін рентген әдісімен тексерген жөн.
Марат Ж., 12 жаста. 1998 ж қыркүйекте сол жақ мой--
ын айналасында лимфа түйіндері ісініп шығады. Жергілікті 
жердегі дәрігерлерге қаралғаннан кейін, оған туберкулезді 
лимфоаденит диагнозы қойылады. Науқаста Манту реак--
циясы «оң» болады. Бала туберкулезді диспансерде 1999 ж 
қаңтарға дейін емделеді. Одан кейін, үйінде тағы 3 ай ем 
қабылдайды. Бірақ науқастың хәлі жақсарудың орныны
нашарлай бастайды. 1999 ж сәуір айында науқаста дене 
қызуы 38-39С дейін көтеріліп, тершеңдігі ұлғайып, баланың 
жалпы хәлі ауырлай түседі. Ата-анасы баланы Алматы 
қаласына әкелгеннен кейін, балалар онкология бөлімшесінде 
қаралады. Науқасты қарау кезінде анықтағанымыз: жалпы 


133
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
хәлі ауыр, улану белгілері өте қарқымды байқалады. Сол 
жақ мойын айналасында лимфа түйінінен тұратын диаметрі 
8-9 см конгломераты бар. Онда, көлемі 1,5-2,0 см келетін 5-6 
лимфа түйіндерін анықтауға, сипау арқылы сезуге болады. 
Олар тығыздау келген эластикалы, бір-біріне және теріге 
жабыспаған, басқан кезде ауру сезімінсіз. Көкірек қуысына 
рентген жасағанымызда, онда да кеңірдек айналасындағы 
және бронхопульмоналдық лимфа түйіндерінің ұлғайғанын 
байқадық. Сонымен қатар, көк бауырдың да зақымдалғаны 
анықталды. Науқасқа пункциялық биопсия жасалынып, ци--
тология әдісімен Ходжкин лимфомасы, IIIБ сатылы диагно--
зы қойылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет