Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет84/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

6. Лимфа-ретикулосаркома
– ХЛ сияқты шеткі бір 
аймақ лимфа түйіндерінен басталғанымен, тез арада басқа 
жаққа да жайылатын, жылдам, қарқымды жүретін қатерлі 
ісіктер. Жалпы улану белгілері басым, лимфа түіндері 
мойын айналасының екі жағында бірдей кездесуі мүмкін. 
Оларды сипалау кезінде, қатты, тығыз, бір-біріне, тері мен 
қоршаған тіндерге жабыса өсетін, аса қозғалмайтын, ауру 
сезімінсіз, бұдырланған ісік конгломератын анықтаймыз. 
Толық диагнозды лимфа түйінінен алынған гистологиялық 
сараптама анықтайды.


135
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
Ходжкин лимфомасын емдеу тәсілдері
ХЛ-сында қолданылатын негізгі емдерге: химиотерапия 
мен сәуле емі жатады. Алғаш рет 1948 жылы Wintrobe мен 
Hugley, 1950 жылы Л.В.Ларионов – Мустарген (Эмбихин) 
дәрісінің ХЛ-да тиімді екенін анықтады. Кейіннен басқа да 
көптеген дәрілер анықталып, олар бірге қабаттастырылып 
қолданылған жағдайда тиімділігі артатындығы дәлелденіп, 
емдеу схемаларына қосылды. Оларға: циклофосфан, до--
пан, ифосфамид, винкристин (онковин), винбластин, про--
карбазин, преднизалон, адриамицин, этопазид, блеоми--
цин, цисплатин т.б., немесе, емдеу схемаларына: ДОРР, 
МОРР, OPPA, ABVD, COPP, СVPP жатады. Емнің негізгі 
қағидасы, жасалынатын химиотерапия белгілі бір емдеу 
бағдарламасынан тұрады (ХТ емі әр 2 апта сайын 2 апталық 
үзіліспен беріледі) және де оны толық сақтауды қажет етеді. 
Ем бағдарламасы баланың хәліне, зақымданған ортасына
клиникалық өсу дәрежесіне және болжау себептеріне бай--
ланысты өзгертіліп-толықтырылып отырады.
18 – кесте. Балаларда жиі қолданылатын емдеу схемасына 
ДОРР жатады.
бас 
әріптері дәрі аттары
қолдану 
күндері
Дәрі мөлшері
D
Допан
1, 8, 15
3 мг/м²
О
Винкристин
1, 8, 15
1,5 мг/м²
P
Прокарбазин
1 – 15
100 мг/м²
P
Преднизалон*
1 – 15
20 (30) мг/м²
– 1 және 4 циклдарында беріледі
Сонымен қатар DVPP схемасы да жиі қолданылады
мұнда винкристин дәрісі винбластинге – 6 мг/м² ауыстыры--


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет