Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет83/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
3. Жұқпалы мононуклеоз
кенеттен, жедел дене 
қызуының 39-40ºС көтерілуімен, жұтынғанда білінетін 
тамағындағы ауру сезімімен, мойын лимфа түйіндерінің 
ісініп, олардың қызарып– қабынуымен байқалады. Қан 
құрамында мононуклеарлы жасушалар көрінеді. Қабыну 
процесіне қарсы қолданылған белсенді емнен кейін 
науқастың жағдайы біршама жақсарады.
Коля Л., 6 жаста. 1993 ж мамыр айында жедел түрде 
дене қызуының 38,5С дейін көтерілуі байқалады. Педиатр 
көріп, Ангина диагнозын қойғаннан кейін, науқасқа анти--
бактериалды ем жүргізеді және тамағын фурациллин ері--
тіндісімен шаюды ұсынады. Апта бойы жасалынған емге 
қарамай науқастың жағдайы дұрысталмайды, дене қызуы 
түспейді. Бір жақ жоғарғы мойын айналасынан лимфа 
түйіндері ұлғайып, көріне-біліне бастайды. Науқастың диа--
гнозы: Жұқпалы мононуклеоз (шеткі қан сараптамасында 
осы ауруға тән мононуклерлар болмаса да) болып өзгертіліп, 
ем жалғаса береді. Ешқандай нәтиже болмайды. Соңынан, 
науқас онколгқа көрініп, ХЛ анықталады.
4. Лейкоз лимфадениті
– шеткі аймақтық лим--
фа түйіндерінің ісінуімен көрінеді. Улану белгілері өте 


134
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
қарқымды өсіп, науқастың жалпы хәлі өте ауыр болады. 
Тері беті бозарған, дене қызуы жоғары, лимфа түйіндерімен 
(лимфа түйіндері жүйелі түрде зақымданады) қоса бауыр, 
көкбауыр ұлғайған. Ауру түрін анықтауға, шеткі қан мен 
сүйек миынан алынған сараптамадан бласты жасушалардың 
санының көбеюі – диагнозды анықтайды.
Қанат Л., 11 жаста. 1993 жылы қазан айында екі жақты 
мойын айналасындағы лимфа түйіндерінің ісінуімен жергі--
лікті емханада «анықталмаған этиологиялы лимфоаденит» де--
ген диагнозбен антибактериалды және физиотерапевтикалық 
ем, УВЧ терапиясын алады. Жасалынған емге қарамай лим--
фа түйіндері одан да бетер ұлғайып, науқастың хәлі нашар--
лай түседі. Науқас облыстық ауруханаға түсіп, сонда тек--
серіліп ем қабылдайды. Онколог қарап, ретикулосаркомаға 
ұқсатып, лимфа түйіндеріне пункциялық биопсиясын жа--
сайды. Бірақ цитологияда қатерлі ісік жасушалары болмай 
шығады. Шеткі қан сараптамасы да аса өзгеріссіз, тек ЭТЖ-
24 мм/сағ болады. Ауруханада жатқан бір аптаның ішінде 
науқастың хәлі өте қатты нашарлай бастайды, тері беттері 
бозарып, әлсізденіп т.б белгілері өрши түседі. Содан төсіне 
пункция жасалынып, миелограмма сараптамасын тексеру 
кезінде Лимфобласты лейкоз анықталып, науқасты гемато--
логия бөліміне аударады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет