146
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Лимфосаркоманың
өсуі жетілмеген
(дифференциа-
ланбаған) түрі – өте қатерлілігімен, жылдам өсуімен ерек--
шелінеді. Өйткені, науқас дәрігерге ісіктің әбден жайы--
лып– тараған кезінде қаралады. Ісікпен зақымдану үрдісі
– жүйелі түрде жүреді. Ісікке негізінен іш қуысындағы лим--
фа түйіндерімен қатар ішектерде қоса зақымдануы мүмкін.
Дененің ісікпен улану үрдісі өте жоғары деңгейде көрінеді:
іштегі ауру сезімі, жүректің айнуы мен құсу белгілері, дене
қызуының көтерілуі «жедел» құрсақ ауруларымен шатасты--
рады. Науқастың хәлі тез арада нашарлап, тері беттері бо--
зарып, қаназдылықпен байқалады да болжамы жағынан өте
нашарлылығымен сипатталады.
Клиникалық көрінісі
Ісіктің өте қарқынды ағымы,
оның шыққан жері--
не, яғни гистологиялық және иммунологиялық түрлеріне
байланысты болады. Ісік жоғарыда айтқанымыздай бала
ағзасының кез-келген жерінен басталуы мүмкін. Егер, ісік
шеткі аймақтық лимфа түйіндерінен,
яғни мойын айнала--
сынан басталатын болса, ол
тез арада, ойда жоқта тұмау
тәріздес болып басталады. Ал құрсақ пен көкірек қуысынан
басталатын лимфосаркомалар баяулау жүреді, бірақ ісіктің
клиникалық көрінісі 3-4 айдан аспай көрінеді.
Ісіктің қарқымдылығына
байланысты ағзаның ісік
жасушаларымен улану белгілері (А және Б) ерте көрінеді.
Оларға:
дене қызуының көтерілуі, түн мезгіліндегі баланың
малына терлеуі, дене салмағының төмендеуі, яғни баланың
азуы
т.б жатады. Сонымен қатар, ісіктің биологиялық бел--
сенділігін көрсететін белгілер Ходжкин лимфомасындағы
сияқты а және б – деп, ажыратылады.