151
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
қысу, сығу белгілері басымдау көрінеді. Соны-мен қатар,
ісіктің экстранодальды ағзаларды зақымдауы – бауырды,
ішектерді, ұрық бездерін, ОЖЖ т.б
зақымдауы жиі
байқалады. Лимфоманың бұл түрі (В-лимфомалар ішінде)
– өте қарқынды жүретін қатерлісі болып есептелінеді.
Жұтқыншақ вальдейр сақинасының
лимфосаркомасы
Ходжкиндік емес лимфосаркоманың жұтқыншақ
сақинасын зақымдауы 10-12% жуық кездеседі. Ісіктің кли--
никасы – науқас-тың мұрнының бітелуімен, тыныс алуының
өзгеруімен және жұтқан кезде
тамағында бір нәрсенің
тұрғанындай сезімдермен байқалады. Ісік «баспа» ауруы--
на ұқсағанымен, ауру сезімінсіз
болады және ісікпен тек
бір жағының лимфа безі ғана зақымданады. Ісіктің өсуі,
жұтқыншақ тесігін жабуымен және ауыздан сасық иістің
шығуымен сипатталады. Ісік көгілдір түсті, бұдырланып
тұрады. Кейде ісік мұрын қуысына, одан ары бас сүйегінің
астына қарай да өсуі мүмкін.
Ходжкиндік емес лимфосаркоманың орталық жүйке
жүйесіне өтуі – зақымдауы өте қатерлі болып келеді. Бұл
кезде
науқастың хәлі өте нашарлап, улану белгілері өрши
түседі. Мұны, ісіктің лейкемизациясы,
яғни лейкозға ауы--
суы дейміз. Бұл жағдайда, дене қызуының 39-40ºС көтерілуі,
құсу, әлсіздік, бастың ауруы,
менингиалдық белгілердің
көрінуі т.б және де ең қауіптісі қанның ұю уақытының
төмендеуі белгілері кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: