Онкологиясы



Pdf көрінісі
бет90/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)
SIW ICT 2020
Патоморфологиясы
Қазіргі таңда лимфосаркоманың көптеген пато-
морфологиялық және клиникалық жіктелу түрлері бар. 
Солардың ішінде Европа ауруханаларында қолданылып 
жүрген Британдық немесе Кильдік жіктелуі бойынша: лим--
фобласты және лимфобласты емес лимфосаркомалар. Ал 
иммунологиялық фенотиптеріне қарағанда: Т және В жасу--
шалы лимфосаркома болып бөлінеді. M.D. Amylon (1991) 
айтуынша: Т-жасушалы лимфома негізінен көкірек қуысы 
лимфа түйіндерін, айырша безін, сонымен қатар жұмсақ 
тіндер мен теріні жиірек зақымдайды десе; J. Lemerle және 
т.б., құрсақ қуысында кездесетін лимфосаркомаларды В-жа--
сушалы лимфома деп қараған жөн дейді. Себебі, Т мен В 
лимфоциттерінің сүйек миынан шығып негізгі пісіп жеті--
летін орындары : Т-лимфоциттер – айырша безінде, ал В-
лимфоциттер – шеткі аймақтық лимфа түйіндері мен ішек 
лимфа түйіндеріде болып есептелінеді. Қалыпты жағдайда 
Т-жасушалы түрі – лимфокиндерді, ал В-жасушалы түрі 
– иммуноглобулиндерді өндіреді.


144
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
 Сурет - 13. ХЕЛ-ң Т-лимфомасы.
 Сурет- 14. ХЕЛ-ң В-лимфомасы.
Балалардың 2/3-де ісіктің 
лимфобласты түрі
кезде--
седі. Лимфосаркома шеткі аймақтық лимфа түйіндерін 
зақымдаумен басталады. Ісіктің басында тұмауға тән бел--


145
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
гілермен басталуы, оған аса көңіл аударғызбауы мүмкін. 
Сондықтан, ауруханаға балалар дерті асқынып, улану 
белгілері басым болып, ауыр халде түседі. Лимфобласты 
лимфосаркома ағымы өте жоғары, тез өсумен және же--
дел денеге жайылуымен ерекшелінеді. Сонымен қатар
көкірек қуысындағы және ішек пен іш қуысындағы лимфа 
түйіндерін де зақымдауы мүмкін.
Пролимфоцитарлы
– лимфобласты түрі де шеткі 
аймақтық және іш (құрсақ) қуысындағы лимфа түйіндерін, 
ішекті зақымдаумен көрінеді. Ісік көпке дейін баяу өсіп, не--
гізінен бір аймақты ғана орналасуы – хирургиялық тәсілмен 
алып тастауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет