149
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
дел құрсақ ауруы белгілерін тудыруы мүмкін. Сол сияқты,
ісік бүйен ішегінен басталса, көбіне балаларда лимфосар--
кома
құрсақ қуысының оң жақ бөлігін, яғни илеоцекалды
бұрышты зақымдайды. Мұндай жағдайда, ісікті –
жедел
құрсақ ауруларымен шатастырып жатады.
Құрсақтағы ісіктің өсуі іш құрылысы көлемінің
ұлғаюына, жоғарыда айтқандай ішектің бітелуіне, бауырдың
қақпа көк тамырының қысылуынан асциттің пайда болуына
және де т.б белгілердің пайда болуына әкеледі. Сипау кезін--
де, қолға тығыз-қатты, қозғалмайтын, ауру сезімінсіз, шеткі
қырлары бұдырланып келген ісікті сеземіз.
Құрсақ қуысында кездесетін лимфосаркомалардың
морфологиялық жіктелуінде В–жасушалы түрі жиірек кез--
деседі. Сүйек миы 25%, ал ОЖЖ 10%
жуық зақымдануы
мүмкін.
Көкірек қуысындағы лимфосаркома
Жиілігі жағынан екінші орында, 13 тен 30% дей--
ін кездеседі. Негізгі зақымдайтын
жері алдыңғы көкірек
қуысындағы лимфа түйіндері мен айырша безі. Ісікті дер ке--
зінде анықтау мұнда да өте қиынға соғады, өйткені ісік өсіп,
белгілі бір мөлшерге жет-кенше ешқандай белгі де әсер де
бермеуі мүмкін. Ал ісік өсіп жанындағы ағзаларды, жоғарғы
көк қолқа тамырын қысуынан – бет әлпетінің ісінуі мен тері
бетінің бозаруы, мойын айналасының ұлғайып ісінуі мен
мойын көк тамырларының торшаланып ісінуі,
тыныс алу
жиілігі - алқыну, құрғақ жөтел т.с.с белгілер көріне бастайды.
Ал ісіктің өкпе қабына өтуінен 2/3 науқас-тарда өкпе қабына
сары су жинала бастайды (плеврит). Ол бір жақты толық не--
месе жартылай болып қан аралас болмаса серозды болып
келеді. Науқастың халі нашарлап,
тыныс алуы қиындап,
ерін мен мұрын үшбұрышы көгеріп шыға келеді. Мұндай
науқастардың хәлі – рентген зерт-теуінен кейін пункция жа--