Онкологиясы


Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері



Pdf көрінісі
бет96/192
Дата29.01.2023
өлшемі12,14 Mb.
#166694
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   192
Байланысты:
Балалар онкологиясы У.К. Жумашев (1)

Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
• 
ОЖЖ зақымданса – бас миына ЭХО-ЭГ, КТ, МРТ 
жасау; 
• 
қаңқа сүйектері зақымданған жағдайда – сүйектерді 
99-технецимен сканерлеу;
• 
сүйек миына трепанбиопсия жасау;
• 
жұлынға пункция жасау арқылы ликвор құрамын 
зерттеу;
• 
цитологиялық, иммунологиялық және цитогене-
тикалық тексерулер жүргізу;
Жасалынатын кешенді тексеру сараптамалары тез 
арада жүргізіліп, ісіктің өсу дәрежесі мен лимфома түрі 
анықталғаны жөн. Тексеру кезінде сүйек миында, ликворда 
бласты жасушалардың болуы және қан сараптамасындағы 
ЛДГ көрсеткіштерінің өзгеруі өте қауіпті белгілерге жата--
ды. 
ХЕЛ дифференциалдық талдау жоғарыда жазылғандай, 
Ходжкин лимфомасымен және сондағы ауру түрлерімен 
жүргізіледі.
Ходжкиндік емес лимфоманы 
емдеу тәсілдері
ХЕЛ-ң емі әр науқасқа жекелей оның гистологиялық, 
иммунологиялық және клиникалық ерекшеліктеріне байла--
нысты жүргізіледі. 
Хирургиялық ем - негізінен ХЕЛ-да аз қолданылады. 
Лимфосаркома – ішектің илеоцекалды бөлігін зақымдаған 
жағдайында, операция амалы арқылы тоқ ішектің жарты--
сын ісікпен қоса, яғни гемиколонэктомия жасалынады. Ал 
қалған жағдайда операция амалы әр науқасқа жекелей түрде 
ісіктің шыққан жеріне, түріне және өсу дәрежесіне байла--
нысты шешіледі. 
Сәулемен емдеу тәсілі.
1. Хирургиялық емнен кейін, алып тасталынған ісік орны--
на немесе қалған ісікке беріледі;


154
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
2. Химиотерапиядан кейін кішірейген немесе толық кетіп 
қалған ісік орнына беріледі;
3. Хирургия мен химиотерапияға көнбеген жағдайда да 
сәуле емі қолданылады жіне бұл үш ем түрі кешенді ем 
ретінде бір-бірін толықтырып отырады.
Сәуле емі – БСМ –30-40-50 Гр-ге дейін беріледі. 
Сәуле мөлшері науқастың жасына, ісіктің өсу дәрежесіне, 
зақымдаған жеріне т.б ерекшеліктеріне байланысты беріле--
ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   192




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет