Ісікті анықтау әдістері
Лимфосаркоманы анықтау үшін, міндетті түрде ісінген
шеткі аймақтық лимфа түйіндерінен немесе зақымданған
ағзалардан биопсия жасау арқылы, оларды морфологиялық
және иммунологиялық тексеруден өткізіп ісіктің түрін, яғни
152
БАЛАЛАР ОНКОЛОГИЯСЫ
Т немесе В-лимфома екенін анықтау қажет. Ісіктің алғашқы
өсу дәрежесінде, лабороториялық зерттеуде – шеткі қан
сарапта-масында тек ЭТЖ-ң ұлғайғаны ғана байқалса, III-
IV сатысында оған қоса қаназдылық, ал егер сүйек кемі--
гі зақымданған жағдайда тромбоцитопения, лейкоцитоз,
гранулоцитоз бен бласты жасушалар байқалады. Қанның
биохимиялық сараптамасында – лактатдегидрогеназаның
(ЛДГ), сонымен қатар гаптоглобин мен церуллоплазминнің
да ұлғайғанын көреміз.
Сонымен, ісікті толық зерттеу үшін:
•
баланың өсуі мен аурудың даму тарихын жан-жақты
жинау қажет;
•
ісінген жерін сипалау арқылы, ісінген лимфа
түйіндерінің мөлшерлерін, олардың бір-біріне және
айналасындағы тіндер мен теріге байланыстылығын,
ауру сезімі мен қозғалғыштығы т. с. с. белгілеріне
мұқият көңіл бөліп, анықтау;
•
іш қуысындағы ағзалар: бауыр, талақ, ішек,
шажырқай және т.б лимфа түйіндерін сипалау
арқылы УДТ-ға дейін қолмен тексеру;
•
жалпы улану белгілерін, ағзаның хал-ахуалын,
өзгерістерін тексеру;
•
лабороториялық сараптамаларын жинау, ісіктің
биологиялық белсенділігін анықтау (жалпы қан
мен биохимиялық қан сараптамасына, олардың
мөлшерлеріне көңіл бөлу);
•
жасушалық және гуморалдық иммунитетті тексеру;
•
кеуде қуысына рентгенологиялық тексеру жүргізу,
міндетті түрде алдынан және бүйірінен жасалынған
екі суретке қоса, көкірек аралық томография да жа--
сау қажет;
•
басқа да тексеру әдістерін қолдану, құрсақ қуысы
ағзаларын тексеру – УДТ (УЗИ), КТ, лимфография,
т.с.с.,
153
Достарыңызбен бөлісу: |