127
Лимфа түйіндерінің қатерлі ісіктері
тіндерді ығыстырып – қысуынан, немесе оларға ісіктің ене
өсуінен, науқастың ентігуі, тез шаршағыштығы,
құрғақ
жөтел, жүрек соғысының жиілігі, бет аузының домбығып
ісінуі (жоғарғы қолқа көк тамырының қысылу синдромы)
белгілері пайда болады.
Ал, құрсақ қуысы артындағы лимфа түйіндерінің
біріншілік зақымдануы балаларда өте сирек кездеседі
(3,9%). Мұнда да ісік белгілі бір мөлшерге жеткенше, яғни
жанындағы ағзалардың қызметіне әсерін тигізгенше білін--
беуі мүмкін.
Сурет - 12. Ходжкин лимфомасымен ауырған баланың мой--
ын
айналасындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
Ісіктің шектелген түрінде, яғни бір аймақ лимфа
түйіндері зақымдалған кезде, баланың жалпы халі негізі--
нен өзгермейді. Ал ісіктің
өсуіне байланысты жанындағы
басқа лимфа түйіндері де зақымданып, көлемдері өсіп,
баланың мойын айналасының томпайып – ісінуіне әкеледі.
Ісіктің өсуімен, қанға ісік жасушалары таралып,
улану