Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет300/308
Дата31.01.2023
өлшемі4,59 Mb.
#166877
түріОқулық
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   308
Байланысты:
Экономикалык теория

Ынталандырушы фискалдық саясат
– мемлекеттік шығын дар-
ды арт-тыру және салықтарды қысқарту есебінен үкіметтің жиынтық 


353
сұранысты көтеруге және экономикалық белсенділікті арттыруға 
бағытталған саналы іс-шаралары.
Экономикадан «жылыстау»
- «табыстар-шығындар» ағынынан 
немесе экономикалық айналымнан жинақтар, салықтар және импорт 
түріндегі қаржылардың кетуі.
Экономикаға «қуат беру»
– «табыстар-шығындар» ағынына 
немесе экономикалық айналымға инвестициялар, мемлекеттік 
шығындар, экспорт түрінде құйылатын қосымша қаржылар. 
Экономикалық интеграция
– елдер арасындағы сауда тосқауыл-
дарын жою, жалпыға ортақ үлкен нарықты құру үшін әлемнің әртүрлі 
елдерінің ұлттық шаруашылықтарының бірігуі және ынтымақ тас-
тығы.
Экономикалық өсу
– нақты жалпы ішкі өнім көлемінің сан 
жағынан көбеюі мен сапалық жетілдірілуі немесе өндірілген нақты 
өнім көлемінің жан басына шаққанда өсуі; экономикада қолданылатын 
өндіріс факторларын ұлғайтудың және техника мен технологияны 
жетілдірудің нәтижесінде өндірістік қуаттылықтың артуы.
Экономикалық пайда
– фирманың жалпы табыстары мен 
экономикалық шығындары арасындағы айырма; «таза пайда» және 
«үстеме пайда» ұғымдарының синонимдері.
Экономикалық рента
– ұсынысы тұрақты және абсолютті икемсіз 
болып табылатын жерді және басқа да табиғи ресурстарды қолдан-
ғаны үшін төленетін баға.
Экономикалық саясат
– экономикада қажетті нәтижелерге қол 
жеткізуді мақсат етіп қоятын және жағымсыз құбылыстардың орын 
алуын болдырмауға қатысты саясатты қалыптастыру.
Экономикалық талдау
– экономикалық ақиқаттылықтың нақты 
деректерінен экономикалық заңдылықтарды анықтау.
Экономикалық тиімділік
– ресурстардың ең аз шығынымен 
тауарлар мен қызметтер өндірісінің ең үлкен көлеміне қол жеткізу; 
өнім өндіру барысында алынатын нәтижелердің сол өнімді өндіруге 
кететін шығындарға қатынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   308




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет