Төменде орналасқан тізім ішінен (екі шерту арқылы) кітап тұрған буманы және
кітаптың өзін таңдау керек.
Үнсіз келісім бойынша xls кеңейтілуі бар Microsoft Excel кітабының файлдары ғана
тізімге шығады. Басқа типтегі файлдарды немесе барлық файлдарды шығару үшін Файл
типі (түрі) өрісінің тізімінен сәйкес типті таңдап алу керек.
Қайта сақтау кезінде Құжатты сақтау
диалогтік терезесі шықпайды, кітап
автоматты түрде сол файлда сақталады. Кітапты басқа атпен немесе басқа бумаға сақтау
үшін Файл менюіндегі Қалай сақтау
керек командасы таңдалады, сонда Құжатты сақтау
терезесі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: