С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет105/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

керілген (қатты)
деп аталады. Қан қысым төмен болғанда артерия жеңіл 
басылады - 
жұмсақ (керілмеген)
пульс деп аталады
.
Толу 
систола кезінде сол қарыншадан қолқаға түсетін қанның мөлшеріне байланысты 
болады. Қанның қалыпты соққы мөлшерінде және артерияның жеткілікті қанға толуы 
кезінде 
толық 
пульс сезіледі. Қанайналым бұзылғанда, қан кеткенде пульстің толуы 
азаяды, пульстік толқындар нашар ажыратылады - бұндай пульс 
бос 
деп аталады. Әзер 
сезілетін пульс 
жіп тәрізді 
деп аталады. 
Сан артериясы шап аймағында жақсы байқалады, санды түзу күйінде сәл сыртқа қарай 
бұрған кезде –жеңіл тексеріледі. Тізе асты артериясынан пульсті анықтау үшін науқасты 
ішіне жатқызып, тізе асты щұңқырынан сезіледі. Артқы үлкен асық жілік артериясы ішкі 
тобық тілерсек астаушасында пальпацияланады; сыртқы табан артериясын табанның 
сыртқы бетінде, бірінші сүйек аралық кеңістіктің проксималды бөлімінде сезіледі.
Ұйқы артериясында пульсті тексеруді абайлап жүргізу қажет, кезекпен, артерия 
қабырғасын жайлап басып көруден бастау керек, өйткені жүрек қызметінің бірден баяулау 
қаупі, кейде оның тоқтап қалуы да болуы мүмкін. Клиникалық түрде бас айналу, естен тану, 
тырысумен көрінеді. 
 4.10 Артериалды қысымды зерттеу 
 
Артериалды қысым (АҚ) - қан тамырлардың қабырғасына қанның түсіретін қысымы. 
АҚ - қантамыр жүйесінің жұмысын көрсететін ең маңызды параметр болып табылады. Дені 
сау адамның қан қысымын үнемі ұстап тұруы күрделі нейро-гормоналды реттеумен және 
жүрек жиырылу күшіне және жүрек тонусына байланысты болады. 
Систолалық, диастолалық және пульстік қысымды ажыратады.

Систолалық қысым (жоғарғы сан) систола кезінде артериядағы қысымды 
көрсетеді, жүрек жиырылып, артерияға қанды айдағанда, онда қысым пайда болады. Олар 
жүрек жиырылу күшіне және қолқаға айдайтын қанның көлеміне, артерия арнасына, 
миокард жағдайына байланысты болады. 

Диастолалық қысым (төменгі сан) диастола- жүрек бұлшық еттерінің босаңсу 
кезіндегі артериядағы қысымды көрсетеді. Ол тамыр қабырғасының тонус жағдайын және 
шеткері тамырлардың қарсыласуын көрсетеді. Төменгі қысымның пайда болуына 
тамырлардың серпімділігі және тонусы әсер етеді.

Систола және диастола арасындағы айырмашылық пульстік қысым деп 
аталады. Пульстік қысымның тербелісі толығымен жоғарғы және төменгі қысымға 
байланысты болады. Қалыпты жағдайда пульстік қысым 30–40 мм сынап бағанасы 
шамасында болады, систоладан 60% аспау керек. Бұл көлемнің жоғарылауы немесе 
төмендеуі мүшелер мен тіндердің қалыпты қанмен қамтамасыз етуін бұзады, жүрекке және 
тамырларға күш түседі. 
Қалыпты жағдайда АҚ жоғарылататын немесе төмендетін көптеген факторларға және 
жасына, тәулік уақытына, сыртқы орта жағдайына, физикалық күшке немесе адамның 
психологиялық жағдайына (күйзеліс кезінде қысым жоғарылайды ), әртүрлі белсендіретін 
заттарды, медикаменттерді қабылдауға (кофе, шай) байланысты өзгеріп отырады [6, 7]. 
Үлкен адамның систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші 110-нан 139-ға дейін мм 
с.б.б. және диастолалық 70-тен 85–89-ға дейін мм с.б.б. АҚ тұрақты төмендеуі - гипотония, 
тұрақты жоғарылауы - гипертония деп аталады. Гипертензия және гипотензия ақау кезінде 
болады (гипертониялық ауруда және жүрек-тамыр жүйесі аурулары кезінде байқалады) 
және физиологиялық (физикалық күш түскендегі гипертензия, ұйқы кезіндегі гипотензия). 


122 
Балаларда АҚҚ формулалар арқылы анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет