С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет103/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

Экспираторлы ентігу
– ұсақ бронхылар тарылғанда дем шығарудың қиындауы. 
Науқастар өкпеден ауаны сығып шығарғандай сезімде болады. Экспираторлы ентігу бронх 
демікпесі, өкпе эмфиземасы бар науқастарда байқалады. 
Аралас ентігу
(дем алу мен дем шығарудың қиындауы) «асқынған» өкпе аурулары 
кезінде және жүрек жеткіліксіздігінде пайда болады. Ентігудің асқынған дәрежесі 
тұншығу деп аталады
.
 
4.9 Пульс және оның қасиеті 
 
Пульс – бұл жүрек жиырылуына жауап ретінде тамыр қабырғасының түрткен тәрізді 
тербелісі. Сол қарыншадан қолқаға ырғақты түсетін қан артерия арнасының ішінде 
тербелісті тудырады және тамырдың эластикалық керілуіне және артерия қабырғасының 
созылуына әкеледі [7, 32]. 
Пульсті беткей жатқан артериялардан тексереді. Көбінесе үлкен адамдардың пульсін 
білезік артериясынан тексереді. Егер қандай да бір себеппен білезік артериясынан пульсті 
тексере алмасақ, онда самай, ұйқы, сан, шынтақ және басқа артерияларды қолданамыз (сур. 
48).


119 
Сурет 48. 
Шеткі артериалды пульсті пальпациялау 
А - білезік артериясында, Б – иық артериясы, В – ұйқы артериясы,
Г – сан артериясы, Д – тізе асты артериясы, Е – артқы үлкен асық жілік артериясы, Ж – 
артқы табан артериясы 
Пульсті білезік артериясында анықтағанда екі қолды бірдей тексеру қажет және 
айырмашылық болмаған жағдайда, бір қолда анықтауды жалғастырамыз(сур. 49 а, б). 
Науқастың қолы бос жатуы керек, өйткені сіңір және бұлшық ет керілуі пальпация жасауға 
кедергі болмауы керек. Зерттейтін адамның қолы ыңғайлы, жартылай бүгілген қалыпта 
болуы қажет.
soznanie.org 


120 
а б
Сурет 49. 
Білезік артериясында пульсті тексеру 
а – екі қолда, б - бір қолда 
Шараның орындалуы: 
1. Науқастың білезігін бір мезгілде төрт саусақпен алақан жақ бетіне және үлкен 
саусақпен сыртқы бетін қапсырып ұстау. 
2. Екі қолдың II, III, IV саусақтарын науқас қолының білезік сүйегінің ұзына бойына 
қояды (саусақтың астында пульсі соғып тұрған жұмсақ, жіңішке, бірдей және серпімді 
түтікті сезу сезімі болады). 
3. Артерияны аздаған күшпен білезік сүйегінің ішкі бетіне қарай басады (қатты басса 
пульстік толқын жоғалып кетуі мүмкін). 
4. Пульстік толқын арасы арқылы пульстің ырғағын бағалау
5. 1 минутта пульстік соққы санын есептеу
6. Пульстің барлық қасиетін анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет