С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



Pdf көрінісі
бет111/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

 
Сурет 54. Сурет 55 Сурет 56 
Гигиеналық ванна Гигиеналық душ Шомылғанда
мейірбикенің көмегі 
Ваннаны алдын-ала дезинфицирленген ерітіндімен залалсыз-дандырады, сосын сабын 
қосып щеткамен жуады және ыстық сумен шаяды. Әрі қарай ваннаны суға толтырады 
(алдымен суық, сосын ыстық), судың температурасы 35-37°С шамасында болуы керек. 
Басқа біреудің көмегін қажет ететін науқастарды ваннаға жайма арқылы немесе орындыққа 
отырғызып, душтың көмегімен жуындырады (сур. 56).
Науқасты келесі ретпен жуындырады: басы, денесі және қолдары, шап аралықтары, 
белі, іші және аяқтары. Гигиеналық ваннаны қабылдау ұзақтығы 30 мин. аспау 
қажет.Үйінен таза болып түскен науқастар, тек киімдерін ауруханалық киімге ауыстырады
[6, 29].


129 
Гигиеналық ваннаны ауыр ауруларымен (гипертониялық криз, жедел миокард 
инфаркті, жедел ми-қанайналым бұзылысы, айқын қанайналым жеткіліксіздігі, активті 
фазадағы туберкулез және басқ.), бірқатар тері аурулары, жедел хирургиялық араласуларды 
қажет ететін аурулар, босанатын науқастарға қабылдауға рұқсат етілмейді. Бұндай 
жағдайда науқастың тері жамылғысын алдымен сабынды жылы суға малынған тампонмен, 
сосын таза сумен сүртеді және құрғатады. Сүрту үшін одеколон немесе спирт қосылған 
жылы суды да қолдануға болады. Науқастың тырнағы қысқа болуы керек.
Болуы мүмкін асқыныстар: 
жағдайының нашарлауы: жүрегі ауыру, жүрегі қағу, бас 
айналу, тері түсінің өзгеруі. Осындай белгілер байқалған жағдайда, ваннаны қабылдауды 
тоқтату, науқасты каталкамен палатасына тасымалдау және қажетті көмек көрсету.
5.1.2 Шашты қысқарту 
Қажетті заттар: 
• Қайшы, шашты қысқартатын машинка. 
• Шашты өртейтін леген, сіріңке. 
• Спирт (70%). 
Шараның орындалуы: 
1. Санитарлы-гигиеналық өңдеуді жүргізуге дайындалу: қажетті заттарды дайындау. 
2. Орындыққа (кушетка) клеенканы төсеу, оған науқасты отырғызу және иығын 
полиэтиленді жаялықпен жабу.
3. Шашты қысқартатын машинкамен шашын алу, бастың шашында тері аурулары 
болатын болса-дайындаған легенге шашын қию 
4. Шашты өртеу. 
5. Қайшыны, ұстараны спиртпен өңдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет