128
2)
шашын,
тырнағын қысқарту, қырындыру (қажет болғанда);
3)
дезинсекция – биттерді жою (табылған жағдайда);
4)
науқасқа аурухананың таза киімін кигізу.
Санитарлық өңдеудің толық және толық емес түрін ажыратады.
Толық санитарлық өңдеу үш құрамдас шарадан тұрады: адамдарды жуу; киімдері мен
жеке заттарын дезинфекциялау (дезинсекция); адамдарды уақытша немесе үнемі жатқызуға
арналған бөлмелерді дезинфекциялау (дезинсекция).
Толық емес санитарлық өңдеу - терінің ашық жерлерін, киімнің, аяқ киімнің сыртын,
жеке қорғаныс заттарын механикалық тазалау және өңдеу,
немесе жеке химияға қарсы
пакеттермен сүрту, бетін, мойнын, қолын таза сумен жуу, респиратор немесе газқағарды
(противогаз) уақытша шешкеннен кейін, тамағын және аузын шаю.
Бұл зақымдалу
ошағында авария-құтқару және басқа жедел жұмысы кезінде жасалынады және уақытша
шара болып табылады.
5.1.1 Гигиеналық ваннаны немесе душты қабылдау
Науқас ауруханаға түскенде жағдайына байланысты терінің кірлеген аймақтарын
сүрту, гигиеналық ванна немесе душ тағайындалады. Гигиеналық
ванна немесе душты
қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде жүргізеді (сур. 54-55).
Достарыңызбен бөлісу: