Химиялық байланыс



Дата07.02.2022
өлшемі17,49 Kb.
#87802
Байланысты:
ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС


ХИМИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫС
4.1. Химиялық байланыс туралы ұғымның дамуы

Химиялық байланыстың табиғаты - химияныңс ең негізгі мәселелерінің бірі.


1852 жылы ағылшын ғалымы Франкланд химияға атомдылық деген түсінік енгізді. Көп кешікпей бұл түсінік валенттік деп аталады. Химияға валенттік туралы ұғымның енуі химияның ары қарай дамуына үлкен әсерін тигізеді.
1861 жылы орыстың ұлы ғалымы А.Н.Бутлеров заттардың химиялық құрылыс теориясын ұсынды. Химиялық құрылыс теориясы органикалық химия курсында қарастырылады. Біз бұл теорияның негізгі қағидаларына ғана тоқталып өтеміз.

  1. Қай заттың болсын молекуласындағы атомдар бірімен-бірі белгілі ретпен қосылысқан.

  2. Молекуланың құрамындағы атомдар өзді-өзі тікелей, не болмаса басқа атом арқылы қосылсса да біріне-бірі әсер етеді.

  3. Заттың қасиеті молекуладағы атомдардың қосылысу ретіне және олардың біріне-бірінің әсеріне, яғни «химиялық құрылысына» тәуелді.

  4. Заттың химиялық қасиеттеріне сүйене отырып, оның молекуласының құрылысын анықтауға болады, керісінше, формуласы бойынша оның қасиеттерін болжауға болады.

Бутлеровтың құрылыс теориясы химиялық қосылыстардың сан түрлілігін және изомерия құбылыстарын түсіндіріп, молекуланың құрылысын аңықтаудың нақты жолдарын көрсетті. Бұл теория молекуланың құрылысы туралы ілімнің негізі болып табылпады.
Бутлеровтың құрылыс теорясын әрмен қарай Голлондия ғалымы Вант-Гофф пен Франция ғалымы Ло Бель дамытты. Олар 1874 жылы көміртек атомының валентіліктері тетраэдрдің төбелеріне бағытталған деген болжам айтты. Вант-Гофф пен Ло Бель пікірі бойынша, егер көміртек атомының тетраэдрдің ортасында орналасқан деп есептесе, оның валенттіліктері тетраэдрдің төбелеріне қарай бағытталып, бірімен бірі 109,5 градус бұрыш жасап тұрады.(4,1 сурет)
Кейінірек органикалық молекулалардың құрылысы физикалық әдістермен зерттеліп, Вант-Гофф пен Ло Бель пастулатының дұрыстығы айқындалды.
\ Сонымен 19ғ-дың аяғында валенттік күштердің белгілі бір бағыты болатына ашылды.
Буңтлеров пен Вант-Гофф, Ло Бель еңбектері заттар молекуласының құрылысын танып білуге үлкен көмегін тигізді. Бірақ осыған қарамастан 19ғ-да атомдардың молекулаға бірігуі себебі және валенттіліктің мазмұны әлі де белгісіз болып қала береді.
Бұл сұрақтарға жауап тек біздің ғасырымызда атом құрысысы аңықталғаннан кейін ғана барып табылды. Қазіргі кездегі ұғымдар бойынша химиялық байланыыс атомдардың сыртұқы электрондық қабаттарының әсерлесуінің нәтижесінде пайда болады, атомдарды байланыстыратын күштердің электрлік табиғаты бар деп есептеледі.
Химиялық байланыстың үш түрі бар: коваленттік, иондық және металлдық байланыс. Олардың ішіндегі ең жиі кездесетіні және ең негізгісі-коваленттік байланыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет