С. М. Кабиева, А. Т. Туймебаева, Н. Т. Абильдина, С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева


Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру



Pdf көрінісі
бет118/150
Дата02.02.2023
өлшемі3,59 Mb.
#167139
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150
Байланысты:
2 5305267080033996255

5.2.2 Жағдайы ауыр науқастардың киімін ауыстыру
 
Егер науқас толық болса немесе толығымен қозғалмаса, киімін жалғыз ауыстыру 
қиындық тудырады және мейірбике денсаулығына қауіпті. Бұл жағдайда киімді ауыстыру 
көмекшінің қатысуымен жүргізіледі. Науқас киімін ауыстырар алдында таза киім 
жиынтығын дайындап аламыз, қолданылған заттарды салатын қапты және медициналық 
қолғапты дайындаймыз. Таза жейде науқас көлемінен бір көлемге үлкен болуы тиіс (сур. 
58).
Сурет 58. 
Науқас жейдесін ауыстыру
Іс-шараның орындалуы: 
1. Ең алдымен науқас басын жеңіл көтеріп, жастықты аламыз.
2. Науқасты абаймен көтеріп, науқас сегізкөз аймағына қолын өткізіп жейденің шетін 
ұстаймыз және оны мұқият қолтық астына дейін, ал арқасынан - мойнына шейін көтереміз.
3. Осыдан кейін науқас қолдарын көтеріп, мойынында жиырылған жейдені басы 
арқылы өткізіп шешеміз, лас жейдені науқас бетіне тигізбейміз.
4. Науқас басын жастыққа түсіреміз.
5. Науқас қолдарын жеңінен босатамыз: алдымен сау қолын, содан кейін ауру қолын.
6. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз. 
Жағдайы ауыр науқастың таза жейдесін жоғарыда айтылған ретпен киіндіреміз:
dic.academic.ru 


136 
1. Таза жейдені арқасында жинаймыз 
2. Ауру қолына жеңін кигізіп, содан кейін сау қолын кигіземіз 
3. Қолдарын кеудесіне қойып, оң қолымен науқасты демеп және сол қолымен жейдені 
мойын тесігінен басы арқылы кигіземіз
4. Төменге дейін жейдені жазамыз [6, 32]. 
5.2.3 Науқасты төсекте жатқызудың түрлері 
[6, 7]. 
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу 
Фаулер қалпы
 —
бұл отыру мен жату қалпының аралық қалпы. Функциональді және 
қарапайым кереуетте де қолданыла алады. Физиологиялық бөліністерді төсекте атқарғанда 
қажет жағдайда қолданады, сонымен қатар сал науқастардың ойық жарасының алдын алу
мақсатында қолданады (сур. 59). 
Сурет 59. 
Науқасты Фаулер қалпында жатқызу
Іс-шараның орындалуы: 
1. Төсек бас жағын 45-60 градус бұрышына көтеру. Көтерілген жағдай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет