134
Сурет 57.
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын ауыстыру
а – ұзына бойлай ауыстыпу әдісі, б – көлденеңнен ауыстыру
әдісі
Ұзына бойлай ауыстыру әдісі
төсекте белсенді қимыл жасауға және аунауға рұқсат
етілген науқастарда төсек-жаймасын ауыстыру кезінде қолданады (сур. 57 а).
Көлденең ауыстыру әдісі
науқасты бүйіріне ауыстыруға болмайтын кезде,
бірақ
денесінің жоғарғы жағын көтеруге болатын кезде қолданылады (сур.т 57 б).
Жағдайы ауыр науқастың
төсек-жаймасын ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Науқасты абаймен бүйіріне ауыстырып, басынан жастығын алу.
2. Жастықтан
тысын шешіп, лас жаймаға арналған қапқа салады, науқас жастығына
таза тыс кигізеді.
3. Таза жайманы ұзына бой жартысына дейін бүктейміз.
4. Науқасты бетін өзіне бүйірімен қаратып төсек жиегіне ауыстырамыз (науқасты
көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
5. Лас жайманы бұрамша ретінде ұзына бойы науқасқа бағыттап бүктеп алады.
6. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
7. Науқасты арқасына жатқызамыз, содан кейін таза жайманың үстіне ауыстыру үшін
басқа бүйіріне жатқызамыз.
8. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазып матрас астына бүктейміз.
9. Қолданылған жайманы қапшыққа саламыз.
10. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
11. Көрпесіне таза тыс кигізіп, науқасты жабамыз.
12. Қолданылған тысты қапшыққа саламыз.
13. Қапшықты жауып, шаруашылық бикесіне зарарсыздандыру үшін апарамыз.
14. Қолғапты шешеміз
15. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
Жағдайы ауыр науқастың төсек-жаймасын
көлденеңнен ұзына бойлай ауыстыру әдісі
Іс-шараның орындалуы:
1. Таза жайманы көлденең бағытта бүктейміз.
2. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін абаймен көтеріп, басынан жастықты аламыз
(науқасты көмекші ұстап тұрғаны дұрыс).
3. Лас жайманы науқастың бас жағынан бастап беліне дейін бүктейміз.
4. Таза жайманы босаған бөлікке жаямыз.
135
5. Таза жаймаға жастықты саламыз және науқасты оған жатқызамыз.
6. Науқастан тізелерін бүгуін сұрап, табанымен кереуетке тіреліп жамбасын көтеруін
сұраймыз (егер науқасқа бұл қиын болса, көмекші сол жақ қолын науқас сегізкөзінің астына
салып жамбасын көтеруге көмектеседі).
7. Лас жайманы алып тастап, таза жайманы жазамыз.
8. Науқастан жамбасын түсіруді сұраймыз.
9. Сирақ аймағынан науқастың аяғын демеп көтереміз де лас жайманы ысырып
тазаны жаямыз.
10. Науқас аяғын түсіреміз.
11. Қолданылған лас жайманы қапшыққа саламыз.
12. Науқасты ыңғайлы жатқызамыз.
13.
Қолқапты шешеміз
14. Қолды гигиеналық әдіспен өңдейміз.
Достарыңызбен бөлісу: